23 Alm DD 1 «Biz birgemiz» науқанына құтқарушылар «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен, «Жас Отан» Жастар қанаты еріктілермен бірлесіп республикадағы ең ірі Мамандандырылған «Жанұя» кешеніне қолдау көрсетті. Аталған балалар үйінде әртүрлі созылмалы аурулары, ақыл-есінің бұзылуы диагнозы бар балалар оқиды және сол жерде тұрады, олардың ішінде 72 -сі жетім балалар.

28 Atyrau obu4 1 Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде короновирус індетінің өңірлерге таралуына байланысты тұрғындар ем алып жатқан немесе карантинде жатқан денсаулық сақтау мекемелерінде өрттердің алдын алуына қатысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғалармен дәріс өткізілді.
Денсаулық сақтау ұйымдарында: Атырау облыстық ауруханасы, №2 Атырау облыстық ауруханасы, Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспанцері, дауыс зорайтқыш құрылғысы болмағандықтан, шара онлайн түрінде қосылып жүргізілді.

29 VKO Pozhar Шамамен 15 сағат 36 минутта Декабристер көшесінде жекеменшік үйде өрт болды. Көрші тұрған, 1953 жылы туылған ер адам қоқыс жағып, қараусыз қалдырған және шөп арқылы әп-сәтте маңында тұратын отбасының шаруашылық құрылысына, одан кейін үйге тарап кеткен.
От 16 сағат 48 минутта 5 өрт сөндіру көлігінің және 24 отпен күресушінің көмегімен жойылды.