33 SKO okna 1 Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері халыққа, әсіресе ата-аналарға балалардың терезеден құлап кетуі фактілеріне жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғын үй аулаларын аралау, көп пәтерлі, биік үйлердің кіреберістерінде ақпараттық стендтер мен жадынамалар тарату арқылы алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Айта кету керек, өткен жылы 4 оқиға тіркелген.

29 Aqmola OPP 1 Ақмола облысында Біржан сал ауданының Бірсуат ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды,ол өз жұмысын "Баймырза Агро" ЖШС шаруашылық субъектісі базасында жүзеге асырады. Айта кету керек, бұл Ақмола облысындағы 29 өрт сөндіру бекеті. Өрт сөндіру бекеті Бірсуат, Мамай, Заурал ауылдық округтерінің елді мекендерін, сондай-ақ орманды дала алқаптарын өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.

Біз үшін қарапайым пәтерде, кішкентай балаға көп қауіп төндіреді. Өз жасына байланысты, кішкентай балалар үнемі үлкендердің қарауын қажет етеді.
2020 жылғы 16 мамырда кешкі сағат 18:00 шамасында Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кентінде, Болашақ мөлтек ауданында орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатының терезесінен 2019 жылы туған бала құлап кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.