Шығыс Қазақстан облысының ТЖ департаменті өткен демалыстарда жекеменшік секторы тұрғындары арасында алдын алу сенбілігін өткізді. Акция өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарын республикалық насихаттау аясында өтті. Жылыту мерзімі ашық. Ал статистикаға сәйкес өрттердің 70% тұрғын алқаптарында болады. Азаматтарды ескертуге жауаптылар - өртті мемлекеттік бақылау инспекторлары Өскемен қаласында соңғы жылдары өрттің өсуі байқалған бірнеше жеке меншік аудандарды аралады.
Алдын алуға шамамен 60 адам қатыстырылған. Бұл тек облыс орталығында. Әрбір ауданда, жылыту мерзімі басталғаннан бері өрт сөндірушілер күн сайын азаматтарға қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптары туралы ескертеді.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде Степногор қаласы 16-МӨСБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Щукин Александр Анатольевичті еңбегі сіңген демалысқа шығарып салды.
Зейнетке шығу - әрбір адамның өмірінде ерекше оқиға, өмір жолының үлкен бөлігі өткен сәт, маңызды ашылулар мен іс-әрекеттер орындалған кез және өз қызметінің жемісін көріп қорытындылайтын уақыт келеді.
Салтанатты түрде мерейгерге барлық ұжымның атынан естелік сыйлық тапсырылды. Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Тасов адал қызметі үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық, амандық, азаматтық өмірде жаңа жетістіктер тіледі. Әрине, қызметкерлер арасынан осындай адамдардың еңбегі сіңген демалысқа кетуі өкінішті, бірақ өмір сондай әрбір адам өз жолын таңдайды.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментімен азаматтардың улы газдан улану себептерінің жиілеп кетуіне байланысты Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облысының филиалында «От жағу маусымында өрт қауіпсіздігін қаматамасыз ету» тақырыбында брифинг өткізілді.
Брифингте облыстық ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Чернышов Юрий сөз сөйледі.
Брифингте облыстағы тұрғын секторда от жағу маусымы кезеңінде болған өрттердің жағдайы және ТЖД және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің от жағу маусымына дайындық кезеңінде атқарылған жұмыстары туралы баяндалды.