Құтқарушы күніне орай өрт сөндіру барысында қаза тапқан өрт сөндірушілердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылу рәсімі Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері үшін ең маңызды іс-шараның бірі болып табылады.
Қызылорданың өрт сөндіру бөлімдерінде қаза тапқан өрт сөндірушілердің аға өрт сөндіруші ішкі қызмет сержанты Төлеубаев Арман Қуанышбайұлы және аға өрт сөндіруші ішкі қызмет сержанты Әшірбеков Арғын Қазыбекұлын қастерлеп еске алады.
Іс-шарада қаза болған әріптестерді бір минут үнсіздікпен өрт сөндіру қызметінің ардагерлеріде қарсы алды. Митинг барысында олар қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа ұрпаққа қызметте сәттілік тіледі.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №8 «Ақ желкен» бала бақшасында Қазақстан Республикасының Құтқарушы күніне арналған «Көңілді старт» өткізілді.
Бала бақшаның ауласында үш топ бүлдіршіндер жиналды. Сонымен жарыс басталды. «Өрт сөндіру машинасы», «112-ге телефон соқ», «Досына көмектес», «Бейбітшілік, достық және ауызбіршілікте» эстафеталары өткізілді.
Бала бақша әкімдігі әрқайсымызға маңызды сұрақ бойынша бала бақшада не жасалып жатқанын қонақтарға көрсету үшін бар ынтасын салды. Балалар сабақ үстінде тек өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысып қана қойған жоқ, оларды жеңіп те кетіп жатты.
Атап айту керек, бала бақшада жас құтқарушылармен өткізілген бұндай іс-шаралар жақсы дәстүрге айналды. Шатырда өмір сүретін Карлсон балаларды сіріңкемен ойнауға, от жағуға шақырды, бірақ құтқарушылармен достасқан балаларды шатастыру мүмкін болған жоқ.
19 қазанда «Төтенше жағдай қызметі» өзінің тойын тойлайды. елімізде жылдар бойы төтенше жағдайға ден қоюдың мықты әрі жедел жүйесі қалыптасып, тұтас мемлекетімізде және оның ішінде облыс аумағында төтенше жағдайды жою мен алдын алудың мәселесін жоғарғы деңгейде шеше алатын болды. Өз өмірінің қауіптілігіне қарамастан, өздерінің міндеттерін әрбір сағат, әрбір күн сайын қайталанатын ерлік істерді атқарып отырған құтқарушылардың жұмысына белгілі бір ретте баға бере салуға болмайды. Күн сайын атқаратын қызметтік міндеттерінде қауіпті кезеңдермен бетпе-бет келетін төтенше жағдай саласының қызметкерлерінің қашанда жауапты дайындығы мен тәуекелге барулары айтарлықтай ерлік.
Төтенше жағдай саласының қызметкерлерінің беделі бүгінгі күнде елімізде жоғары деңгейде деп айтуға болады. Біз оны өзіміздің кәсіби шеберлігімізбен, жұмысқа деген адалдығымызбен және күнделікті жасаған ерлігімізбен дәлелдей алдық. Жүз мыңдаған адамдардың өмірлерін құтқару көрсеткіші - сол жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
Жыл сайын азаматтарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелері күрделеніп келеді. Бұл бізден құтқарушылардың ұйымдастыру жұмыстарына және жаңа технологияларды ендіру және пайдалану барысына күнделікті баса назар аударуды талап етеді.