Жаз мезгілінде ауа температурасының жоғарылауына байланысты темір-терсектің қатты қызитыны белгілі. Бұл ретте автокөлік жоғары қауіптіліктің негізгі көзі болып саналады. Ата-аналардың көпшілігі көлігі көзден таса жерде қалса не болуы мүмкін деген сұраққа бас қатырмайды немесе бұл туралы тіпті ойламайды да. Сол себепті күйбең тіршілікпен жүріп, қатты ыстықта балаларын автокөлікке бір немесе бірнеше сағатқа қалдырып кету фактілері жиі кездеседі.

36 Kyzyl Orda Suicide Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары өз-өзіне қол жұмсаған азаматшаны ажалдан арашалап қалды. 2019 жылдың 15-ші маусымында сағат 00:49-да Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімінен Қызылорда қаласының тұрғыны жұбайының есікті ішінен іліп алып ашпай жатқан жөнінде хабар түсті.

37 Atyrau Da4i 1 Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп саяжай учаскелерінде және бау-бақша серіктестіктерінде рейдтер жүргізуде. Профилактикалық рейдтердің негізгі міндеті – саяжай алқаптарындағы өрттің қандай себептерден болғанын және өртті сөндіру кезінде орын алған мәселелерді халыққа жеткізу.