Руслан Иманқұлов: Тасқынның алдын алу бойынша 4 облыс қатаң бақылауға алынды

Көктемгі су тасқыны мен өзге де табиғаттың тосын мінезімен күрес шараларына арнайы дайындық барысы туралы еліміздің Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтан сұрадық. Ғани Өтепбайұлы, тележүргізуші:

-Қайырлы кеш. Астана көшелері мен маңындағы елді мекендерден қанша қар шығарылып, су тартылды? Ол туралы мәлімет бар ма?

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

-Кеш жарық, Ғани. Бүгінгі таңда Астана қаласынан және Астана қаласына жақын орналасқан елді мекендерден 4 миллионнан астам текше метр қар шығарылған болатын. Енді өздеріңіз білесіздер, ауа райы минус көрсетіп тұр. Сондықтан да бүгінгі таңда су тарту жұмыстары әлі де жүргізілген жоқ. Дегенмен дайындық қарқынды жүргізілуде.

Ғани Өтепбайұлы, тележүргізуші:

-Қазақстан бойынша көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындық барысы қалай?

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

-Бүгіннен бастап, Қазақстан Республикасындағы барлық аумақтарда республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды. Оқу-жаттығудың аты – «Көктем-2017». Бүгіннен бастап барлық әкімдіктер, барлық авариялық құтқару қызметтері өздерінің практикадағы жұмыстарын атқаруға кірісті. Бізде қатаң бақылаудағы облыстар ол - Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Орталық Қазақстан. Сондықтан да бүгінгі таңда осы облыстарға қатаң назар аударылуда. Және де техниканың барлығы сақадай сай тұр.

Ғани Өтепбайұлы, тележүргізуші:

-Қанша су қоймасында бөгеттер, жағажайлар күшейтілді?

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

-Бүгінгі таңда су ресурстары комитетімен тығыз қарым-қатынаста байланыста жұмыс атқарылуда. Жалпы республика бойынша 200-ден астам шақырым бөгендер күшейтілген болатын. Және де барлық су қоймалары қатаң бақылауға алынуда.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/76622-ruslan-iman-lov-tas-ynny-aldyn-alu-bojynsha-4-oblys-ata-ba-ylau-a-alyndy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz