«Хабар 24» телеарнасы
07:43, 06.07.2019
Оның 33-і балалар, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі бүлдіршіндерін қараусыз қалдыру және суға мас күйінде түсу себептерінен болған. Бұған қоса, рұқсат етілмеген жерлерде шомылатындар да көп. Оған елордалық мамандар арнайы рейд барысында көз жеткізді. Құтқарушылар қазір аса сақ болуды ескертеді. Өйткені барлық жерге бақылау орнату мүмкін емес. Ал арнайы талапты бұзғандар анықталып жатса, оларға айыппұл салынады. Дәл осылай 1 мамырдан бері 580 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 3 миллион теңгеден асады. Нұрсұлтан Нұрахметов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі: – Елімізде шомылуға тыйым салынған 3 мыңнан аса жер анықталды. Барлығына арнайы белгі орнаттық. Бұған қоса, 900-ге жуық қауіпсіздік шаралары және өлім жағдайлары жайында ақпарат беретін тақталар орнаттық. Бірақ кейбір адамдар оны елемей, арты қайғылы жағдайға әкеліп жатады.