posl UKO 1 Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша жиналыс өтті.
Үгіт-насихат тобының құрамында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары аталған іс-шараға қатысты. Отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ізмұқамбетов Бақтығожа, Жарасов Жанат және Бектұрғанов Ерсұлтан ТЖД-ның басшы және жеке құрамының алдында сөз сөйлей отырып, Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауының негізгі басымдылықтарын түсіндіріп, мемлекеттің гүлденуіндегі стратегиялық құжаттың маңыздылығын атап өтті.
posl UKO 2 «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Қазақстан жаңарудың және жаңғыртудың өркендеу жолына түскен, ширек ғасыр ішінде мықты, дамыған, біріккен, бай мемлекет ретінде танылған. «Елбасы өз Жолдауында барлық қазақстандықтардың алдында еліміздің алдағы нығаюы мен саяси тұрақтылығы мәселесін қойды. Жолдауда еліміздің экономикасын нығайту, халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша жаңа міндеттер қойылған. Жолдау - бұл жаңаруға жол. Бағдарламада еліміздің алдағы дамуының, әрбір жанұяның әл-ауқатының жақсаруы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері айқын белгіленген», - деді Мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов.
posl UKO 3 Ізмұқамбетов Бақтығожа жеке құрам алдында сөз сөйлей отырып, Жолдауда ІТ-саласы дамуы, аграрлық-индустриялық аймақта және де басқа да салаларда инновациялық индустрияландыру трендін күшейту мәселелері ерекше байқалатындығына ерекше көңіл бөлді.
posl UKO 4 Отырыста сөз сөйлеген облыстық мәслихат хатшысы К.Балабиев ТЖ департаменті қызметкерлерінің жедел қызметтерін атап өтіп, Департамент мамандары ары қарай кіші және орта бизнес жұмысшылары арасында түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізулері қажеттігіне назар аударды.
ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербисов департаментте ҚР Президентінің Жолдауын талқылау белсенді жүргізіліп жатқандығын атап өтті: Ол үшін төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің, өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізетін үгіт-насихат тобы құрылды. Жиналыс соңында департамент бастығы өткізілген түсіндірме жұмыстары үшін депутаттарға алғыс білдірді.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы