ASR CMK 1 Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты, Ақмола облысының тұрғындары борандар мен күртік қардың кесірінен ауруханалар мен перзентханаларға бара алмауда.
Ақмола облысы Целиноград ауданы Шнет ауылының аяғы ауыр тұрғыны 21 ақпанда кенеттен босанып, оны босандыру бөлмесіне жылдам жеткізу қажет еді. Күртік қардан және жолдың шектелуіне байланысты әйелді ауруханаға жеткізе алмады.
Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері тез әрекет етті. Көмекке Апаттар медицинасы орталығы Астана қ. бойынша филиалының медицина бригадасы барлық жерде жүре беретін ТРЭКОЛ санитарлық автокөлікпен шықты.
ASR CMK 2 Дәрігерлер қары тазаланбаған жолмен жүріп жеткенше, әйел туа бастады және бригада келгенде 25 жастағы әйел туып үлгерді.
Келгеннен кейін, шұғыл әрекет ету бригадасының дәрігері ана мен баланы тексеріп қарады, екеуіне де қажетті медициналық көмек көрсетті.
Осы уақытта дәрігерлер көмегіне 1981 жылы туған 35-36 апта мерзімімен тағы бір аяғы ауыр әйел жүгінді. Тексеріп қараған дәрігер шұғыл тасымалдау бойынша шешім қабылдады.
Аяғы ауыр әйелді, сонымен қатар жаңа туған әйел мен нәрестені босандыру бөлмесіне жылдам жеткізді және аймақаралық облыс ауруханасының дәрігерлеріне тапсырды. Анасы мен баласының жай-күйлері жақсы.
 
ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы