Uralsk 20 Skola 1 Ағымдағы жылғы 14-17 наурыз аралығында Орал қаласындағы № 20 орта білім беру мектебінің базасында оқушыларға ТЖ кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын оқыту кабинеті ашылды, сондай-ақ Орал қаласындағы барлық мектептің АӘД, өзін-өзі тану, дене шынықтыру және спорт пәндерінің мұғалімдері үшін семинар өткізілді. Семинарға 70-тен астам мұғалім қатысты.
Uralsk 20 Skola 2 Осы жұмыс мектеп оқушыларына ТЖ кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын оқытуға бағытталған Астана қаласының № 63 орта мектебі базасында алғаш рет ұсынылған Комитеттің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен БҰҰ «ЮНИСЕФ» Балалар қорының бірлескен жобасының жалғасы болып табылады.
Uralsk 20 Skola 3 Жобаның басты мақсаты оқушылардың жеке қауіпсіздік пен қоршаған орта қауіпсіздігіне саналы және жауапты қатынасын қалыптастыру, өмірге қауіп төндіретін қолайсыз жағдайларда адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалу қабілетін игеру, зардап шеккен адамдарға көмек көрсету дағдыларын меңгеру.
Uralsk 20 Skola 4 Оқушыларға өрт пайда болған кезде алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану, алғашқы іс-қимылдарды, заманауи тыныс алу құралдарын пайдалану, қар борасыны, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын, алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ басқа да маңызды тақырыптар бойынша оқытылады.
Uralsk 20 Skola 5 Мектепте төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын оқыту кабинеті ресімделді, онда сабақ өткізуге арналған нұсқаулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу және көрнекі құралдар, авариялық-құтқару мүкәммалдары мен жабдықтары,жеке қорғау құралдары, өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек құралдарының макеттері мен үлгілері жинақталған.
Uralsk 20 Skola 6 Сонымен қатар сыныпта жобаны іске асыру үшін ең үздік халықаралық тәжірибе, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті халыққа төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын оқыту, үгіттеу және насихаттау мәселелерінде қолданатын тәжірибе жинақталған. Uralsk 20 Skola 7 Ішінара бастауыш сынып оқушылары үшін оқу және ойын материалдары орналастырылған.Осы оқыту материалдары, сондай-ақ сабақ жүргізу нысандары мен әдістері әлемде болатын табиғи және техногендік сипатағы төтенше жағдайлар, сондай-ақ олардың алдын алу әдістері туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Uralsk 20 Skola 8 Төтенше жағдайлар комитеті Орал қаласындағы № 20 мектептің ұжымына және мектеп директоры Ұлпа Бейсенқызына Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментімен, ішінара Азаматтық қорғаныс басқармасымен бірігіп мектеп оқушыларын ТЖ кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын үйрету бойынша белсенді жұмыс жүргізгені үшін алғыс білдіреді.
 
 
ҚР ІІМ ТЖК
ӨҚБПҚ Халықты ақпараттандыру және оқыту бөлімі