Ағымдағы жылдың 17 наурызында Павлодар облысы әкімімен, оның бірінші орынбасары және Төтенше жағдайлар департаментінің бастығымен «Казавиаспас» ЕС-145 бортында Қарағанды облысы  Бұхар-Жырау ауданы Корнеев ауылдық округінде орналасқан «Ақжар» бөгетін көріп келуге және Баянауыл ауданының су тасқыны дайындығын тексеру мақсатындағы сапары жүзеге асырылды.
Шамамен сағат 11-де борт «Ақжар» бөгетіне қонып, Қарағанды облысының Корнеев ауылдық округінің әкімі, жер қойнауын, қоршаған ортаны және су қорын пайдалану басқармасының жетекшісі Қарағанды облысын таныстырды, бөгеттің қазіргі жағдайын қарастырып, еріген қар суын жіберетін бөгеттің зақымданған жерлеріне жөңдеу жұмыстары болатын алғашқы іс-шаралары талқыланды. 
Екінші рет бортты Қараашы ауылында жүргізіліп жатқан алдын алу іс шараларында қонып, Баянауыл аудан әкімі іске асырылып жатқан инженерлік жұмыстарды баяндады.  Күшейтілген орын негізгі 20м су тартылу қысымымен еніне 4м., ауыл маңына қарай еріген қар суы ағатын екі ор қазылды (біріншісі ұзындығына 700м., еніне 4м., екіншісі ұзындығына 200 м., еніне 4м.),  сонымен қатар Ащы су өзені арнасының суын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кейін әуе көлігі Қарағанды облысы және Шығыс Қазақстан облыстары маңайларында елді мекендер орналасу бағыты бойынша қарап шығып, қар басып жатқан Теңдік, Жосалы, Ақши және Ақшиман ауылдарымен аэро шолу мониторингі аяқталды. 
Жергілікті орналасқан жерге қайта оралуда  Баянауыл ауданына келесі шолуды тікелей қар еру кезеңінде, яғни 7-10 күннен соң келуді бірлесіп шешім қабылдады.
 
Павлодар облысы ТЖД
төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі