Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолданыстағы норма талаптары мен ережелерді қайта қарауға және оңтайландыруға бағытталған саясатын іске асыруда, 2017 жылдың 17 наурызында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палаталары мен кәсіпкерлік субьект басшыларымен бірге дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел мақсаты ағымдағы қайшылықтар мен заңды түрдегі қақтығыстарды реттеуші құжаттарды, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында кәсіпкерлік субьектілеріне қойылатын талаптарды талқылауға бизнес қоғамдастығын белсенді тартуға арналды.
Күн тәртібі бойынша баяндамасымен бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры М.С. Муханов және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі сөз сөйледі.
Өзінің баяндамасында, ӨҚСБжПҚБ бастығы М.Муханов уәкілетті органмен талдау және кейінгі техникалық регламентке өзгерістер енгізу, құрылыс нормалары мен ережелері, өрт қауіпсіздігін реттейтін мәселелердің стандарттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат жеткізді.
Дөңгелек үстел аясында бизнес қоғамдастығына ІІМ бірге Қазақстандағы кәсіпкерлік ортаның дамуы үшін рұқсат етілген үрдістерді қысқарту және қолайлы жағдай мен бизнес климат жасау бойынша қосымша атқарылған жұмыстарды да айтып өтті.
Осы сәтті пайдаланып, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Н.Г. Селимов шаруашылық субьектілері аумақтарында орналасқан өрт сөндіру гидранттарының техникалық жағдайларына шығыс тексерістер жүргізу кезінде көмек көрсету және кері байланыстың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ Н.Г. Селимов өзінің әңгімесінде, бұл қызмет, сонымен қатар жеке кәсіпкерлік обьектілерінде жедел жоспарлар мен өрт сөндіру кәртішкелерін құру туралы жұмыстарын және де бақылау-тексеру сипатын атқармайтындығын, өрт орын алған кезде өрт сөндіруді сапалы ұйымдастыруды және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуді қамтамасыз ету үшін өзге құрал-жабдық қызмет ететіндігін анықтады.
Баяндамашылардың сөз сөйлеуі аяқтала салысымен диалог нысанында дөңгелек үстел қатысушыларына қойылған сауалдар қаралып, ол бойынша сәйкес түсіндірмелер берілді.
Қатысушылардың  барлық ұсыныстары уәкілетті орган ведомствосының жоспарланған шығармашылық қызметі аясында, әрі қарай қалыптастыру және ҚР ІІМ ТЖК-ға түзету жинағымен жолдану үшін хаттама мәтініне енгізілді. 
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы