16 Akmola pvdki 1 2017 жылдың көктем айында қалыптасқан ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының аумағында күрделі қауіпті су тасқыны жағдайы орын алды.
Ең күрделі жағдай Атбасар ауданының Атбасар қаласында және Сандықтау ауданында қалыптасты, онда Жабай өзені суының тасуы салдарынан тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басқан. Целиноград және Аршалы аудандарында орман және егістіктерден келген еріген қар суларының еруі салдарынан да тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басты.
16 Akmola pvdki 2 Мәселен, Ақмола облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, жергілікті полиция қызметінің, Ұлттық ұланның күштері мен құралдары, сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының курсанттары су басқан аумақтан 2788-ден астам адамды эвакуациялады, 1908-ден астам бас ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпсіз аймаққа айдады.
16 Akmola pvdki 3 Соның ішінде 21 сәуірде 2473 адам үйлеріне оралды, 315-і туыстарының үйлеріне орналастырылды. Сонымен қатар 1883 бас ауыл шаруашылығы жануарлары аулаларына қайтарылды.
16 Akmola pvdki 4 Ақмола облысының аумағында тұрғындарды эвакуациялауға арналған 227-ден астам қабылдау пункті дайындалды.
Су тасқыны кезеңінің басынан бері барлық су басқан учаскелерде тұрғын үйлер мен бөгендердің айналасына инертті материалдарды төсеу арқылы үйме жасау жұмыстары жүргізілуде, еріген суларды бұру бойынша арналарды қазу жұмыстары да жүргізілді, ТЖД, жергілікті полиция қызметінің және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырылуда. 16 Akmola pvdki 5 Жол қызметтері су таситын жерлерге ескерту белгілерін орнатты. Жергілікті полиция қызметінің күштері патрульдеу жүргізілуде және автожолдардың төсемесі арқылы көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Жалпы ТЖД және жергілікті атқарушы органдары 74 мыңнан астам қапқа құм салды және оларды төседі, 324 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорылды.
16 Akmola pvdki 6 Мұз кептелістерін болдырмау үшін облыстың 6 өзенінде мұзды қопсыту және бөлшектеу бойынша қосымша жару жұмыстарын жүргізілді.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар аймағында 1 114 құтқарушы, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, КТИ курсанттары мен полиция қызметкерлері, 130 бірлік техника, 14 жүзу құралы мен 13 мотопомпа авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуде.
Ақмола облысында су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және оның жағымсыз салдарын азайту бойынша жұмыстар жалғасуда.
 
 
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті