15 pvdki general 1
Еліміздің өңірлерінде ТЖ комитеті бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, Ұлттық ұланның, тартылған ұйымдардың бірлескен күштерімен авариялық-құтқару, алдын алу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жалғастырылуда.
20 сәуірде ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин Астана қаласының маңайындағы аумақты, Астана су реттегішін, сондай-ақ Есіл өзені арнасының айналысында орналасқан Ақмола облысының Астрахан, Қорғалжың және Целиноград аудандарындағы елді мекендерді бойлай ұшу жасады.
2010 жылы салынған Астана су реттегіші Астана қаласында және оның шетіндегі бар және алдағы уақытта  салынатын  аудандарды ықтимал су тасқынынан инженерлік қорғауға арналған.
Республикамыздың су тасқыны қауіпті өңірлерінде алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жалғастырылуда.
Ақмола облысында су тасқыны кезеңінің басынан бері су басқан 980 үйдің 850-інен су кетті. Қарағанды облысында су басқан 140 үйдің 86-сынан су кетті. Қостанай облысында су астында қалған 103 үйдің 66-сынан қазіргі уақытта су сорылды.  Шығыс Қазақстан облысында су астында қалған 19 үйдің 9-ынан су кетті.
Жүргізілген іс-шаралардың арқасында бұған дейін су басқан барлық тұрғын үйлерде суды сору және бұру жұмыстары жүргізілді, олар Солтүстік Қазақстан (146), Жамбыл (13) және Ақтөбе (3) облыстары. 4594 эвакуацияланған тұрғын өз үйлеріне оралды.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Жамбыл облыстарында адамдарды эвакуациялау, суды сору және бұру, халықты құлақтандыру, габиндерді орнату, қаптарды дайындау және төсеу, инертті материалдарды төсеу, су бұру арналарын қазу, тұрғындар мен коммуналдық қызметтердің жұмысшыларын өткізу және олармен еріп жүру, халыққа азық-түлікті жеткізу,патрульдеу және су деңгейіне мониторинг жүргізу, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізілуде.
Қауіпті учаскелерде қосымша 26358 метр уақытша бөген тұрғызылды, 147074 дана қапқа инертті материалдар салынды және төселді, 948357,5  текше метр су сорылды.
Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге бір тәулік ішінде ТЖ комитетінің бөлімшелерінен, жергілікті атқарушы органдарынан, жергілікті полиция қызметінен, Ұлттық ұланнан және тартылған ұйымдардан 1742 адам, 327 бірлік техника, су сору құрылғылары және жүзу құралдары жұмылдырылды.
Автомобиль жолдарының 29 жол учаскесін еріген қар суы және тасқын тасуы орын алды, олар: Қостанай (12), Қарағанды (7), Ақмола (6), Ақтөбе (1), Павлодар (1), Оңтүстік Қазақстан (1), Солтүстік Қазақстан (1) облыстары.
Автомобиль жолдарының 27 учаскесінде жол торабын су шайды, олар Ақмола облысында - 8, Қарағанды - 10, Павлодар – 2, Қостанай – 3, Солтүстік Қазақстан – 3, Шығыс Қазақстан - 1.
5 учаскеде автожол көпірлерінің құрылысы деформацияланды, олар Қарағанды облысында – 2, Ақмола – 2, Қостанай – 1.
Су тасқыны жағдайының қиындауына байланысты Қарағанды облысының Шет ауданы әкімінің  2017 жылғы 20 сәуірдегі шешімімен Шет ауданының аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды.
 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі
 
 
Пресс-служба Комитета по ЧС МВД РК