gl Су – алдын ала дайындалып, хабарлау арқылы ғана қарсы тұруға болатын, күшті табиғи апат. Егер де тасқын және еріген қар суын тартып алуға мүмкін болса, тасып бара жатқан Есіл және өзге өзендерді тоқтату мүмкін емес. Дәл осындай қиын жағдайда ТЖ салдарын барынша азайту үшін азаматтық қорғау органдарының барлық мүмкін күштері мен құралдарын жұмылдыру қажет.
10 22 сәуірде СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын насихаттауға арналған сенбілік ұйымдастырды. Таңертең ерте ТЖД ғимараты алдында Департаменттің, Петропавл қаласы ТЖ басқармасының, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің жеке құрамдары сапқа тұрғызылды. ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Павел Филиппов осы миссияның артықшылығын атап өтіп, алдағы іс-шараның мақсаттары мен міндеттерін айтты. «Су тасқыны кезеңі біздің облысымыз үшін аса күрделі, Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 3,48 см. рекодттық белгіге дейін жетті. Су тез қайта бастаса да, ағын Петропавлға жақындап келеді. Сондықтан бізге халықты алдағы өзен суларының тасуы туралы ескертіп, Заречный және Былғары зауыты кентіндегі халықты эвакопунктерге эвакуациялау керек», - деді Павел Владимирович.
4 Азаматтық қорғаудың 40-қа жуық офицері екі топқа бөлініп, құтқару миссияларымен жылдан жылға су тасқынына бейім, белгіленген шағын аудандарға аттанды. Құтқарушылар әр үйге кіріп, су тасқыны жағдайында алғашқы кезекті іс-әрекеттер тақырыбында жаднамалар таратты, халыққа жақын жердегі эвакопунктерге: Заречныйда - № 13 орта мектеп, Былғары зауытында - № 12 ОМ-ға эвакуациялануға ұсыныс берді. Эвакуация кезінде қажетті ұсынылатын заттар тізімі айтылды.
3 Осы күні Заречный кентінде жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен, халықпен жиын өткізілді. Қалалық әкімдік өкілдері 100-ге жуық жергілікті тұрғындарды ағымдағы су тасқыны ахуалы, осы кезеңдегі қауіп-қатерлер туралы ақпараттандырып, азаматтарға өз қауіпсіздіктері үшін эвакуациялануға кеңес берді. Жиында СҚО ТЖД қызметкерлері сөз сөйлеп, құтқарушылардың кезекшіліктерін атқарып, жағдайдың мониторингін жүргізіп, адамдарға тәулік бойы көмек көрсетіп жатқандары туралы сендірді. 15 Осы мақсатпен, сондай-ақ кент аумағындағы үйлер мен жақын маңдағы жерді су басқан жағдайда азаматтарды ықтимал эвакуациялау үшін, өтімділігі жоғары автокөліктерден, Департамент бөлімшелері – Өрт сөндіру және авриялық-құтқару жұмыстары қызметі, Жедел-құтқару жасағы мен Петропавл қ. ТЖ басқармасының қызметкерлерінен тұратын 3 мобильді бекет тұрғызылды.
14 ТЖ мамандары эвакуациялауды өткізуге тапсырма алған кезде Заречный тұрғындарына тиісті киім мен аяқ-киім киіп (резеңке болған жөн), құжаттар, ақша, азық-түлік пен су қорын, дәрі-дәрмек қобдишасын, алғашқы қажеттілік заттарын өзімен алып, үйде пешті сөндіріп, тоқ көзін, газды, суды ажыратып, қауіпсіз жерге шығуға кеңес берді.
9 Эвакуациялық іс-шаралар облыс аудандарында да жүргізілді. СҚО ТЖД жедел штабының ақпараты бойынша 21 сәуірде Есіл өзені суының деңгейінің көтерілуіне байланысты түнгі сағат 02:00-де халықты, үй жануарлары мен мүлікті Қызылжар ауданының Семиполатное ауылына алдын алу көшіру жұмыстары жүргізілді. Мұнда 90 үй, 267 адам тұрады. Құтқару іс-шаралары барысында 15 тұрғын үйден 61 адам эвакуацияланды, олардың 18-і бала, 1 жүкті әйел мен 3 мүгедек. 24 адам туыстары мен көршілеріне жеткізілді, 37 – эвакуация пунктеріне («Рассветская ОМ» КММ) орналастырылды. Бұдан басқа 18 ірі және 15 ұсақ қара мал бастары қауіпсіз жерге шығарылды.
 
Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД