Сыбайлас жемқорлық – бұл әдептілік және адалдықтың болмауы, лауазымдағы адамдардың жағдайды пайдаланып, әділетсіз жолмен пайда табуы. Сыбайлас жемқорлық ел байлығының азаюына мен деңгейінің төмендеуіне әкеледі.
Азаматтық қорғаныс саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен басталған "Біз жемқорлықсыз болашақты құрамыз!" акция-эстафетасына Павлодар қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері белсене қатысты.
Біздің қатарымызда сыбайлас жемқорлықтың көрініс алуы біріншіден мемлекеттік қызметтің беделін бұзады, Қазақстан азаматтары тарапынан заңдылық пен әділдікке сенімсіздік туғызады. Павлодар қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері өздерінің жұмыстарын "Біз – жемқорлыққа қарсымыз!" деген ұранмен бастайды және аяқтайды. Бұл сөз қысқа болса да мағынасы зор. Осы қысқа сөз қызметкерлердің өмірі мен еңбек қызметтері негізінде орын алған.
Е. Назарчук-Глухова,
Павлодар қаласы ТЖ басқармасының
мемлекеттік өрт бақылау аға инженері