19 brief sko 1 Петропавлда Өңірлік коммуникациялардың қызметінде брифинг өткізіліп, Солтүстік Қазақстан облысында шұғыл өрт жағдайы және өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық және орман өрттерінің алдын алу қауіпсіздік ережелері қарастырылды.
Брифингте СҚО ТЖ департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Денис Шуваев спикер ретінде сөз сөйледі. Ол өртке қарсы режимге байланысты негізді сақтамай, жазғы өрт қауіпті кезеңде табиғи және тұрмыстық жанулар саны артатынын ескерді.
  19 brief sko 2 Жыл басынан бері 383 өрт тіркелді, 2016 жылмен салыстырғанда ол 10% жоғары. Өрт келтірілген материалдық шығын 58 млн. теңгені құрап, отта 25 адам қаза болды, оның ішінде 2 бала, 11 өрт құрбандары әр түрлі ауырлығы бар жарақаттар алған. Бұл жерде өрттердің жалпы санынан 80%-ы тұрғын үй секторында орын алады. Д. Шуваев адамдардың өлімі мен жарақаттануын қысқарту мақсатында облыстың Төтенше жағдайлар департаментімен жоспарлы жұмыс жүргізілетіндігін айтып өтті: тұрғын үй секторында рейдтер, сенбіліктер, әңгімелесу, халықпен жиын өткізу, жадынамалар таратылатындығын ескертті.
19 brief sko 3  Бірінші жартыжылдықта облыста 5 орман өрттері орын алып, алаңда 11 гектар, залалы 1,5 млн. теңгені құраған, 27 оқиғада дала өрттері тіркелген. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және бақылау үшін өрт қауіпті кезеңде құрылған облыстық және аудандық мобильді топтар, олар 145 рет рейд өткізді, нәтижесінде бақылаусыз жағу үшін әкімшілік жауапкершілікке 51 жеке және заңды тұлға тартылды, жалпы сомасы 700 мың теңгені құрады.
 Спикер көптеген өрттердің себебі - адам факторынан болып табылатындығын және оны жақсарту үшін өртке қарсы қажетті жағдайды сақтап, мүдделі халықтың проблемасы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету назарына аударылу тиісті деді.
 "Өрт қауіпсіздік ережелерін тұрмыста, өндірісте жұмыс жүргізген кезде пайдалана отырып, ашық отты ормандарда, қоқыс, құрғақ шөп пен тұрмыстық қалдықтарды ауыл шаруашылығында жағуда қатаң сақтау қажет", -деді спикер,
 
 
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы