18 amrin 2017 жылғы 12 шілдеде Қытай Халық Республикасының Хох-хото қаласында ҚХР ІМВӨ азаматтық әкімшілік басқармасы басшысының орынбасары Суо Яолэнің төрағалығымен Шанхай ынтамақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелерімен айналысатын аумақтық органдар басшыларының 6-кездесуі өтті.
 Кездесуге Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы төтенше ведомстволарының басшылары мен өкілдері және ХЫҰ Хатшылығының өкілі қатысты.
 Қазақстан тарапынан ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Р.Н. Амрин болды.
 Кездесу барысында делегация басшылары болған төтенше жағдайлар, өткізілген іс-шаралар, апатты жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою бойынша халықаралық ынтымақтастық туралы баяндады.
 Кездесу қатысушылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы шекара маңы ынтымақтастығын бұдан әрі дамыту мақсатында бірқатар іс-шараларды өткізу туралы келісті, оның ішінде ХЫҰ шекаралас мүше-мемлекеттері арасында ТЖ қатері және туындауы кезінде ақпаратпен алмасу және құлақтандыру механизмін әзірлеу, техникалық ынтымақтасты тереңдету туралы уағдаласты.
 Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.
 
 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі