18 ipg pvld 1 Балалардың жазғы демалыс кезеңінде балалар арасындағы жазатайым оқиғаның алдын алу және болдырмау мақсатында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен ақпараттық-насихаттау тобы құрылды.
  18 ipg pvld 2 2017 жылғы 27- маусымнан бастап 8-тамызға дейін бекітілген кестеге сәйкес ТЖ департаментінің қызметкерлері Қызыл жарты ай, Апаттық медицина орталығының, Жедел-құтқару жасағының өкілдерімен бірлесіп қала сыртындағы балалар лагерлеріне шығу жүргізіледі. Балалармен кездесу барысында, оқытушылар және қызмет көрсетуші құрамы арасында: «Жаз кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері», «Өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары», «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету», «Табиғи және техногендік сипаттығы ТЖ халықты құлақтандыру» тақырыптарында профилактикалық сабақтар жүргізілді. Қызыл жарты ай, Апаттық медицина орталығының өкілдері зардап шеккенге алғашқы көмекті қалай дұрыс және тез көрсетуді көрнекі көрсетілді, судағы қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі бойынша бейнероликтер көрсетеді.
18 ipg pvld 3  Бүгінгі күнге дейін 1114 баланы, 211 оқытушылар және қызмет көрсетуші құрамын қамтумен 8 қала сыртындағы лагерлерге шығу жүзеге асырылды.
 Осы бағыттағы жұмыс жаз кезеңі бойы жоспарланған кесте бойынша жүргізілетін болады.
 
 
Азаматтық қорғау подполковнигі Ә. Әбілқасова,
Павлодар облысының ТЖД