Жезқазған қаласы ТЖ басқармасының, жергілікті полиция кызметі мен құтқарушы құрылымдардың қызметкерлері Кеңгір су қоймасының акваториясын күнделікті бақылауға алған.
Су жағалауында демалып жатқан азаматтармен профилактикалық жұмыс жүргізуде, суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыратын жаднамалар таратылады, су түбі рельефі мен тереңдігі туралы ескертіледі.
Қазіргі уақытта су айдындардың жиі демалушылары – балалар, қазір жазғы демалыс өтуде, ыстық күні балаларды су айдынына тартып тұрады. Бірақ су айдындарында қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, балалардың су айдындарының маңында болуына ересектермен бірге болған кезде рұқсат етіледі.
2017 жылғы суға шомылу мауысымның басынан Кеңгір су қоймасында 2 бала суға батып кеткен. Олар су айдынында үлкендердің қарауынсыз болған және жүзу білмеген.
Осындай төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, құтқарушылар көпшілік ата-аналардың қолдауын көрген профилактикалық жұмыстың басқа түріне көшті.
Су айдынына үлкендердің қарауынсыз қалған балалар, құтқарушылар мен полиция қызметкерлерімен құтқару құрылымның ғимаратына жеткізіледі, ол жақтан ата-анасы келіп алып кетеді. Ересектер келгенге дейін балалармен профилактикалық жұмыс өткізіледі, оларға құтқару құрылымда экскурсия ұйымдастырылады.
 
Қарағанды облысы ТЖД
Жезқазған қаласының ТЖ басқармасы