ТЖ комитетінің бөлімшелері «Біз болашақты сыбайлас жемқорлықсыз құрамыз» акция-эстафтасын өткізуде.
Акцияны маусым айының басында Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаменті бастаған. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері ТЖК Көкшетау техникалық институтының түлектерімен бірлесіп, акция-эстафетаны бастады.
Жемқорлыққа қарсы іс-шараның бастамашылары қауіпті әлеуметтік құбылыспен күресуге шақыратын көркем флешмоб ұйымдастырып, эстафетаны Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментіне тапсырды.
Іске қосылған акция өзінің жалғасын тапты. Жемқорлыққа қарсы үндеуді жамбылдық құтқарушылар қолдап, азаматтық қорғау органдарында жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға жол бермеу үндеуімен ауқымды флешмоб ұйымдастырды.
Өз кезегінде Жамбыл облысының ТЖ департаменті жемқорлыққа қарсы акцияның эстафетасын Алматы қаласының ТЖ департаментіне тапсырды. Алматылық құтқарушылар да шетте қалған жоқ. Өз әріптестерін қолдап жемқорлыққа қарсы насихатымен көркем флешмоб өткізіп, Алматы қаласының ТЖД эстафетаны Павлодар облысының құтқарушыларына берді.
Осылай, өңірден өңірге өтіп, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп белгілеген мемлекеттік саясатты ұстанып, құтқарушылардың акция-эстафетасы республикалық ауқымға айналуда.
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтық қорғау органдарының жүйесінде тәртіпті, заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нығайту бойынша қажетті ұйымдастыру және практикалық шараларын барынша қабылдауда.
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі