27 close 1 Қызылорда қаласында Ғани Мұратбаев орталық стадионында Республикалық Өрттен құтқару спорты бойынша жасөспірімдер мен жас құтқарушылар арасындағы VІІ жаздық чемпионатының салтанатты жабылуы өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасының барлық облысынан 17 команда және Ақтөбеден, Павлодардан, және Қызылордадан келген жас құтқарушылардың 3 командасы қатысты. Жарысқа жасөспірімдермен қатар Астана қаласынан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан қыздар да қатысты. Екі күн ішінде олар төрт тәртіп бойынша үздік команда атағы үшін күресті.
27 close 2 Чемпионаттың жабылуы барысында, Республикалық Өрт сөндіру мен құтқару спорты федерациясының директоры, бас төреші Дәурен Данаев чемпионаттың қорытындысын шығарды. Өз сөзінде ол Қазақстанда өрттен құтқару спорты жастар арасында жаңа деңгейге өтті деп айтып өтті. Спортшыларлың шеберлігін көрсетуге ыстық ауа райы кедергі болмады. Бұл да сынақтың бір түрі болып табылды.
Жас құтқарушылар командасы арасынан жеңімпаз кубогы Қызылордадағы Абылай хан атындағы колледждің «Жас құтқарушылар» командасының студенттеріне бұйырды. Екінші орынды Ақтөбе облысынан келген «Жалын» командасы иеленді және үшінші орын Павлодардан келген «Арлан» командасына бұйырды.
27 close 3 Қыздар арасында шабуыл сатысымен көтерілуден нәтижелер белгілі болды, кіші топтан үздік болып Қызылордадан Власенко Ксения болды. Ол оқу мұнарнасын 9,70 секунд нәтижесімен шабуылдады. Екінші орынды Қызылордадан Муликова Русалина жеңіп алды. Үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысынан Славина Адема ие болды.
Жақсы нәтижені орта топтағы қыздар, яғни Астана қаласынан Сабитова Адема 9,99 секундта және Ахметова Мадина 10,65 секундта көрсете білді. Үшінші орынға қызылордалық спортшы қыз Пустобаева Виктория ие болды.
Үлкен топта үздік нәтижені Қызылордадан спорт шеберінің кандидаты Жукова Елена 8,45 секундта көрсетті. Астана қаласынан келген қыздар Алимова Айнұр мен Төлеген Еркежан екінші және үшінші орынды иеленді.
Жасөспірімдер арасында кіші топта бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген қонақ Ершов Илья алды. Екінші орынды Атырау облысынан келген спортшы Тасболат Инат алды. Үшінші орын Тараз қаласының мамандандырылған колледжінің студенті Кұлмахамбетов Нұрдаулетке бұйырды.
Орта топта үздік нәтижені Батыс Қазақстан облысынан келген спортшы Андрюшенко Роман көрсетті. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан Избасаров Ильдар және үшінші орынды Ақтөбе қаласынан Жангали Назар иеленді.
27 close 16 Үлкен топта орындар келесідей түрде бөлінген: бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан Асылов Мұрагер 11,90 секундта иеленді, екінші орынды Астана қаласынан келген спортшы Шамшолдаев Ансар 11,96 секундта алса және үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан Романов Мақсат 12,50 секундта алды.
100-метрлік жолақты кедергілермен бағындырудан кіші топ арасында бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан Ершов Илья иеленді. Орта топтан Оңтүстік Қазақстан облысынан Избасаров Ильдар, үлкен топтан Батыс Қазақстан облысынан келген спортшы Андрюшенко Сергей иеленді.
Қыздар арасынан кіші топтан 100-метрлік жолақты кедергілерден жақсы нәтижені Оңтүстік Қазақстан облысынан Славина Алина көрсетсе, орта және үлкен топтан астаналық қыздар Сәбитова Адема мен Алимова Айнұр алға шықты.
27 close 17 Өрт сөндіру эстафетасында қызылордалық қыздар астаналық қыздарға жол берді.
Жауынгерлік қанат жаюды өрістету өрттен құтқару спортында ең қызықты кезең. Осы жүгіру нәтижелері бойынша қыздар арасынан Астана қаласынан келген қыздар жеңімпаз болып шықты.
Жастар арасынан жауынгерлік қанат жаю бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының командасы чемпион болды. Екінші орын Астана қаласының командасына бұйырды және үштікті Шығыс Қазақстан облысының командасы жапты.
Жалпы командалық жеңісті Шығыс Қазақстан облысының командасы алды, екінші болып Астана қаласынан келген команда болып табылды және үштікті Шығыс Қазақстан облысынан келген команда жапты.
Дәурен Данаев Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменттің басшысына іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғысын білдірді. Тығыз серіктестік пен спорттық іс-шараны ұйымдастыруға белсенді ат салысқаны үшін Қызылордадағы Абылай хан атындағы колледждің директоры Дүлдүл Русланға алғыс білдірілді. Сондай-ақ, бас төрешілер алқасының құрамына алғыс білдірілді. Жарыстың бас хатшысы Павлов Сачковтың жұмысына ерекше мән берілді.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі