Балық аулау белсенді демалыстың керемет бір түрі. Көп уақыт пен қаражат талап еткенімен табиғат «сыйлайтын» көтеріңкі көңіл-күй, осы шығындардың «орнын толтырады». Дегенмен де өмірдің басқадай құбылыстары сияқты балық аулаудың да жағымсыз жақтары бар, кейбір кезде балықшының қаза болуымен де аяқталады.
Осыған күзгі ауа-райының ерекшеліктері де кінәлі болып жатады. Балық аулауға шыққанда адам ауаның температурасы күндіз +20 градусқа дейін түнде +5+6 градусқа дейін құбылатын далалда көп уақыт болатынын жоспарлайды. Нөсер жаңбырлар да өз үлесін қосады, олардың салдарынан аяқ асты батпақ болып тұрақсыз және тайғақ болып кетеді. Тік жардан тайғанап, суға жылы киімде түсіп кеткен адамның батып кетуі әбден мүмкін.
Адам өміріне қайықтан балық аулаудың да қауіптері бар, желді күні, ұзындығы мен еңі көлемдерінің айырмақшылықтары көп болмағандықтан балықшалар арасындағы әйгілі резеңке қайықтарі әсіресе суда тұрақсыз болып сәл-пәл желден де тез аударылып кетеді.
Павлодар облысының аумағында осындай тәрізді оқиғалар 2016 жылғы қыркүйек және 2017 жылғы сәуір айларында орын алған. Қайықтары аударылғанның нәтижесінде ер азаматтар судың құрбаны болды.
Балықты қайықтан аулау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды қолдану қажет. Қайықтың жарамдығын тексеріп, оны құтқару желеткелерімен жабдықтау керек. Су айдынына шықпас бұрын қайықты мұқият қарап алып: қайықта жарықтары жоқ және ескектері бүтін жарамды екенін тексеріп алу қажет. Балық аулау құралдарды қайық бүйірінің бойымен жинақтап, өзге заттарды (киімді, жол қапты) қайықтың артқы, алғы жағында, орындық астына салу қажет. Қайықта міндетті түрде құтқару желеткесімен суды төгетін сыйымдылық болу керек.
Суда қауіпсіз қозғалуды тек дұрыс жабдықталған жарамды қайық ғана қамтамасыз етеді. Ескі су өтетін қайықта балық аулау өмірге қауіпті.
Кез келген балықшы балық аулауға барарда балық аулау сәтті өту үшін барлық шараларды алдын ала қабылдайды, өкінішке орай өз өмірін сақтап қалу үшін қадам жасамайды. Сонда бар жоғы балық аулау кезінде Сіздің өміріңізді сақтап қалу үшін арзан тұратын құралды - құтқару желеткесін ғана пайдалану қажет.
 
Павлодар облысы ТЖД
жедел-құтқару жасағы