9 PVLDr oblet 1 2018 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындалу бойынша мониторингті жүргізу мақсатында, облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Тұрғанов, ТЖ жөніндегі облыстық департаментінің бастығы А.Длимов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Павлодар облысын жетекшілік ететін өкілі Е.Ш.Аликуловтың қатысуымен «Қазавиақұтқару» АҰ бортында Баянауыл ауданында ұшуды іске асырды.
9 PVLDr oblet 2 Бірінші бару орны Қарағанды облысында орналасқана Ақжар бөгеті болды. Қарағанды облысының өкілдері – Корнеев ауылдық округінің әкімі –Т.Ж. Ргебаев, Бұқар-Жырау ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ш.О. Нүрсейітов, «Ботақара су қожалығы» КМҚК директоры Д.К.Қарамулдина және «Қарағанды су қоймалары» КМК басшысының міндетін атқарушы дабылдың ағымдағы жай-күй мен су тасқынына қарсы жоспарланған іс-шаралар (ағымды жөндеу) туралы қысқаша ақпаратты жеткізді. Облыстық бюджеттен осы мақсатқа 9 млн. теңге бөлінген.
Қыркүйек айында «Қарағанды облысы Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Қарағанды Авто» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Осы ұйым келесі жұмыстарды атқарады: су өткізу құбырларының жөндеуі, су жинағышты тазалау, үйінділерді көтеру.
Содан кейін тікұшақ Баянауыл ауданы бойынша Қарасу және Ащысу өзендерінің сағасы бойынша бағыт алды, осы өзен сағасымен жыл сайын су тасқынының негізгі ағыны өтеді, Теңдік және Қараашы ауылдарының қорғаныс топырақ үйінділерінің жай-күйі бағаланды, Көкдомбақ және Жаңажол ауылдарының аумағындағы автомобиль жолдарының зақымдалған учаскелері байқалды.
«Жаңажол-Ескелді» жергілікті маңызы бар автожолдарының бұзылған учаскелері бойынша, Көкдомбақ ауылына кіреберіске жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, сараптаманың оң қорытындысы алынды және «ТСК Строй» ЖШС мердігер ұйымымен келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа, «Ульяновск-Керней-Баянауыл-Қалқаман» Р-27 республикалық маңызы бар тас жолдың учаскесінде Ашысу өзені арқылы автомобиль көпірін нығайту бойынша атқарылған жұмыс байқалды.
Қайтар жолда тікұшақ Қалқаман ауылына қонды, онда өңір жетекшісі Ресей Федерациясының шекарасы – Қызылорда-Павлодар-Успен республикалық маңызы бар тас жолында орналасқан күре жолдық медицина-құтқару бекетінің жұмысымен танысты, жылжымалы реанемобильді көрді.
Аралап ұшудың нәтижесі бойынша 2018 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жібермеуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
Павлодар облысы ТЖД
ТЖ алдын алу бөлімі