5 CMK konys 1 2017 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ құрылымдары «Қоныс-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – басқару органдарының барлық деңгейінің жойқын жер сілкінісі болған сәттегі іс-әрекетін қарастыру.
5 CMK konys 2 Оқу-жаттығудың жоспары бойынша жер асты дүмпуі нәтижесінде ғимараттардың қирау қаупі мен адамдарды қауіпсіз жерге көшіру қажеттілігі туындайды. Сол сәтте халықты көлікпен және поездбен қауіпсіз аудандарға көшіру тәжірибелік іс-шаралары жасалды.
5 CMK konys 3 Зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатымен, оқу-жаттығу орындарында Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері оқу-жаттығудың басынан бастап аяғына дейін жұмыс істеді. Көшіру кезінде де, шартты түрде зардап шеккендерді сұрыптау кезінде де, зардап шеккендерге арналып ұйымдастырылған көшіру пунктерінде де зардап шеккен халыққа көмек көрсетілді.
Іс-шараға құрамы 20 адам мен 5 бірлік техникадан құралған АМО-ның Алматы қаласы, Алматы облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 5 филиалының құрылымдары қатысты. Оқу-жаттығу барысында қойылған барлық мақсаттар мен тапсырмалар орындалды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ