25 Kar da posl 1 Еременко Наталия, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және басқармасының бас маманы:
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Президент Н.Ә Назарбаевтың жолдауымен танысты.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы жолдауын халақ назарына ұсынды. Жолдауда Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесіне ерекше назар аударды. Сол мақсатқа жету үшін 10 негізгі міндетті атап өтті.Оның ішінде жемқорлықпен күрес және адам капиталының сапасын күшейту жайында айтылғандығын атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлық қоғамның үлкен дерті болғандықтан, онымен күресу әрбір Қазақстандықтың басты міндеті деп есептеймін. Біз елбасының жолдауын қолдап, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуіміз керек.
25 Kar da posl 2 Раимбеков Аян, Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімінің бас маманы:
Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 9 қаңтарда жариялаған Қазақстан халқына жолдауында көптеген өзекті мәселелер қарастырылды. Оның бірі алдағы уақытта еңбек өтіліне қарай базалық зейнетақы 1,8 есеге көтерілетіндігі, сонымен қатар, жаңа оқыту бағдарламасымен білім беретін ұстаздардың айлық табысы 30-дан 50 пайызға дейін артуы.
Соңғы 2 жылда денсаулық сақтау, білім саласы және мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы шамамен 30 пайызға көбейгенін атап өту керек. Елбасы бұл үрдістің жалғасын табатынын айта кетті.Бұл біздің жұмыстың нәтижелі болуына одан әрі ықпалын тигізері анық.
25 Kar da posl 3 Каналин Үмбет, Ақпараттық-аналитикалық бөлімінің бастығы:
Қарағанда облысыТөтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Президент жолдауындағы айтылған міндеттермен танысып,оның жүзеге асуына өз үлесін қосуға дайын.Елбасы жолдауында тағы бір маңызды міндет- үштілділікті атап өтті. Қазіргі таңда біздің қызметкерлер ағылшын тілін меңгеруге ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта арнайы оқыту курстары өткізілуде. «Қазақстандықтардың болашағы - қазақ, орыс және ағылшын тілін еркін меңгеру...»-,деді Н.Назарбаев. Біз үш тілді меңгеріп, жолдаудағы міндеттерді жұдырықтай жұмыла бірігіп орындауымыз керек.
 
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі