2016 жылдың 17 наурызында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің отырыс залында «Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге бағытталған жұмыстар туралы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысы бойынша  Мемлекеттік  қызмет істері департаментінің мемлекеттік қызметті бақылау саласындағы басқарма басшысы Сихымбекұлы Сержан және Сыбайластық жемқорлыққы қарсы Ұлттық  бюросы департаментінің  Әкімдік – құқықтық бөлімінің бас маманы Сванбаева Ақмарал Бегеновна, Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рамазанов Эмиль Якубович қатысты.

Дөңгелек үстелді  Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Базарбаев Қуанар Бекенұлы ашып, Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатырған іс-шараларды атап өтті. Жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар шығарылады, радио және телеарналарда сұхбаттар беріледі, «Нұр Отан» партиясының филиалымен тығыз байланыста дөңгелек үстелдер және жиналыстар, семинар-дәрістер өткізіледі. Департаментте және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінде соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық көріністерінің болмауы  -мақсатты атқарылып жатырған жұмыстардың нәтижесі.

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының презентациясын өткізді, билік органдарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресудегі әлемдік тәжірибе мысалға келтірілді. Баяндамалар слайдтар мен және көрнекі материалдармен өрнектелді.

Сонымен қатар, сыбайлас сипаттағы қылмыс жасаған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұсталу, ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыс жасаған бұрынғы қызметкерлерінің өкініштері туралы бейне фильм көрсетілді.

Дөңгелек үстел аяқталған соң осы тақырыпта пресс конференция өткізіліп, облыс орталығындағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылды.

Күн тәртібі бойынша Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік тобының өте маңызды істер бойынша аға жедел өкілі полиция подполковнигі Әжібаев Нұрлан Сұлтанұлы «Жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге бағытталған жұмыстар туралы» тақырыпта баяндады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментімен өзінің құзырында сыбайлас жемқорлықпен күрес, салдарын және оларға әрекет ететін жағдайларды  жою бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

     Нақты мысал ретінде парақорларды қылмыс үстінде ұстау іс –шаралары бейне материалдары көрсетілді.  
 

Маңғыстау облысы ТЖД

                              Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы