27 Aktobe Poslanie 1 2018 жылдың 12 қаңтарында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылап, таныстыруға арналған жиын өтті.
«Барлығымызға белгілі Елбасы Жолдауында он басты тапсырманы белгілеп берді. Өткен жылы еліміз үшін үшінші жаңғыру болды. 27 Aktobe Poslanie 2 Еліміз осы жылда биік мақсаттарға жетудің тарихи мүмкіндегіне ие. Қазіргі кезде «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламалық құжаттың негізгі мақсаты инфрақұрылымды және технологиялық басымдықтарды, әсіресе өнеркәсіп саласында дамыту. Қазақстанды жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосу үшін өмірдің барлық салаларында қазіргі заманғы технологияларды цифрлау және енгізу қажет» - деп атап өтті Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасым. Осы орайда, еліміздің стратегиялық жоспарының орындалуына үлесіміз, әрбір өрт сөндіруші мен құтқарушының елдің жаңа индустриалдану кезеңі жағдайында міндетін мінсіз атқарғаны болып қала беретініне ерекше назар аудартты.
 
Ақтөбе облысының
Төтенше жағдайлар департаменті