25 IUKO poslanie 1 Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Оның жұмысына құрылымдық бөліністері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов басшы және жеке құрамның алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, мемлекеттің дамуында стратегиялық құжаттың маңыздылығын атап өтті.
25 IUKO poslanie 2 Жолдауда экономиканың барлық салаларында және әлеуметтік саласында он негізгі міндеттер алға қойылып, еліміздің алдында кең мүмкіндіктерді ашып отыр. Бірінші кезекте өндірістік процестердің жаңғыруы мен цифрландыруына және заманауи бизнес-үлгілерді игеруіне назар аударылды.
Республиканың әрі қарай стратегиялық дамуында айтылған басты бағыттардың ішінде Нұрболат Дербисов сыбайлас жемқорлықпен күресті қатамасыз ету бойынша міндеттерді шешу қажеттілігіне ерекше тоқталып кетті. Осы ретте ол: «Бұл аспект заманауи жағдайда барлық құқық қорғау органдарының қызметінде бас бағдар болып табылады», -деп нақтылады.
25 IUKO poslanie 3 Сондай-ақ, ТЖ департаментінің бастығы Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде цифрлық технолгияларды енгізбей, мемлекеттік органдарының әрі қарай дамуы мүмкін еместігіне назар аударды. Цифрландыру халықпен өзара іс-қимылына да қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын уақытылды және сапалы шешілуі олардың құқықтарын қорғауда тиімді құрал болуы тиіс.
Дөңгелек үстелдің жұмысын қорыта келе, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербисов өрт сөндіру бөлімдерінің, төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің жеке құрамы арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін үгіт-насихат топтарын құру туралы тапсырма берді.
Соңында басшы және жеке құрам Президенттің кезекті Жолдауына қолдау көрсетіп, негізгі бағыттарының практикалық жүзеге асыруын қатамасыз етуді сенім білдірді.
 
ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы