15 VKO champion vverh 1 Өскемен қаласына Өрт сөндіру құтқару спорты бойынша қысқы чемпинаттың қатысушылары да келіп жетті.
Бас төреші Дәурен Төлегенұлы Данаев бұл чемпионатта спортшылардың рекордты саны қатысатындығы туралы айтып өтті, қатысушылардың барлығы 300 адамнан асады.
Бүгін барлық қатысушылар снарядтар мен жаңа жүгіретін жолдарды сынап көрді. Былтырғы жылдың соңында Департаменттің спорттық манежінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, еден резеңкесі ауыстырылды.
15 VKO champion vverh 2 «Жүгіретін жолдардың жаңа жабындысы мені қатты таңғалдырды. Әрине сапасы бұрыңғыдан жақсы. Менің ойымша, бұндай жабындыда біз өзіміздің әлеуетімізді толық көлемде ашып, жоғары нәтижелер көрсете аламыз», - деп өз ойымен бөлісті Көкшетау техникалық институтының ерлер құрама командасының мүшесі Дәулет Ерланұлы Айтжан.
Айта кететіндігі, республикада өрт сөндіру құтқару спорты бойынша жарыстарға арналған жабық спорттық манеждер санының барлығы 2, оның біреуі Өскемен қаласында орналасқан.
15 VKO champion vverh 3 Чемпинаттың алдындағы Кеңес барысында ұлттық құрама командалырының жаттықтырушылары өрт сөндіру құтқару спорты бойынша былтырлы жылғы жетістіктер нәтижелерінің қорытындысын шығарды. Ал ол Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасы үшін өте өнімді болып келген. Белоруссия кубогында біздің құрама жалпыкомандалық 3 орынды иеленді. Кейін, «Достық және алтын шабуылшы» кубогының халықаралық турнирінде ҚР әйелдер құрамасы, эстфетада және жауынгерлік қанат жаюда көшбасшылардың үштігін тұйықтады. Бұдан кейін, Турциядағы әлем чемпионатында, әйелдер жауынгерлік қанат жаюда 2 орын, эстафетада үшінші және жалпыкомандалық сынақта бронзаға қол жеткізді. Дәл осы чемпионатта ерлер құрамасы эстафета кезеңінде, 56,54 секунд көрсеткішпен рекорд орнатты. Өкінішке орай, жасөспірімдер арасында әлем чемпинаты өткен жоқ, алайда, Республикалық турнирлерде жас өрт сөндірушілер Қазақстанның үш рекордын көрсетті.
Қорытынды кеңесте Бас төреші Дәурен Данаев, азаматтық қорғау органдарының басшылары өз аймақтарында өрт сөндіру құтқару спортының дамуына көп көңіл бөлуді бастағандарын атап өтті. Осының арқасында жылдан жылға ӨҚС бойынша Республикалық чемпинаттардың өткізу сапасы жақсарды. Сонымен қатар бұл спорт көп адамдарды қызықтыратын болды, мәселен, осы чемпинатта мамандандырылған колледждерден екі команда қатысады. Данаевтың ойынша, қазіргі чемпинатты өткізу Қазақстанда өрт сөндіру құтқару спортын одан ары дамыту және дәріптеуге мүмкіндік туғызады.
Кеңес соңында XXVI-қысқы чемпинатқа қатысатын командалардың шығуының жеребе салуы және мандат комиссиясының отырысы өтті. Жарыстардың ашылуы 2018 жылғы 14 ақпанда болады.
15 VKO champion vverh 4 15 VKO champion vverh 5
 
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ