16 Mang urok 1 Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері, Апаттар медицина орталығының қызметкерлерімен бірлесіп № 9 орта мектебінде онлайн режимінде «Балалар тентектігі» тақырыбында интерактивтік сабақ өткізді.
Интерактивті қауіпсіздік сабақтың негізгі мақсаты – бұл баланың өмірін қорғау. Балалар өрттен барлығынан аз қорғанған болып келеді, себебі оларда өрт қауіпсіздігі бойынша толықтай білім және дағды жоқ. Сондықтан осы білімді үйде де, мектепте де игеру керек. Осы сабақта 49 мектептің 7-8 класстағы 1029 оқушысы қатысты. Сабақ барысында өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Сабихов А.С. оқушыларға өрттің негізгі себептері және егер де өрт болып қалса, қандай әрекет жасау туралы айтты, шұғыл қызметтердің телефондары еске салды сонымен қатар Апаттар медицина орталығының қызметкерлері оқушыларға күйік алған кезде алғашқы көмек кезінде негізгі әрекеттер туралы көрнекі түрде көрсетіп айтты. Оқу процесі барысында оқушыларға слайдтар, азаматтық қорғау қызметінің жұмысы туралы имидждік фильмдер, сонымен қатар үйретуші бейнероликтері көрсетілді.
Осы сабақ оқушылар үшін қызықты болды. Олар өртпен ойнау, өрт қауіпсіздік ереженің бұзу қандай салдарға әкеп соғу мүмкіндігін, күйік кезінде не жасау керектігін толықтай білді.
 
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және
профилактикалық қызмет басқармасы
Маңғыстау облысы ТЖД

***
16 Mang urok 2 Балаларға өрт қауіпсіздік қағидаларына түсіндіру мақсатында Жаңаөзен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі «№26 Шапағат» балабақшасында «Өрт тілсіз жау» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында балаларға өрт болған жағдайда алғашқы іс-әрекеттері жөнінде, сонымен өрт шыққанда «101» телефонына соғу керек екендігін ескертті.
 
Маңғыстау облысы ТЖД Жаңаөзен қ. ТЖБ