12 pvldr memo 1 Азаматтық қорғау саласындағы білімдеріне оқыту және насихаттау, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған өзара пайдалы ынтымақтастық мақсатында меморандумға қол қойылды.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы С. Асайынов, Павлодарлық облыстық филиалының «Жас-Отан» жастар қанатының төрағасы С. Жүсіпов, облыстың жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының басшысы Д. Абдрахманов құжатқа қол қойды.
Осы келісімдердің негізгі мақсаты халықтың әр түрлі жіктері ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі білім деңгейін арттыру мәселелеріне жаппай және жан-жақты қарау.
Және де бұл міндет жуыр арада өзінің бірінші емтиханын өтеді – 18 маусымнан бастап Департаменттің ақпараттық-насихаттау тобы өз жұмысын бастайды, ол жазғы кезеңде қала сыртындағы балалар демалу лагерлеріне 30 астам шығуды жүзеге асырады және оларға «Жас Отаншылар» белсенді жастардың өкілдері мен волонтерлер қосылады.
Бірлескен идеялар мен іс-шаралардың іске асыруға жаңа көзқарастар мен олардың көлемі тек ғана шабыт бермейді, сонымен қоса профилактикалық жұмыс зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде волонтерлер-іздеушілермен тығыз қарым-қатынас жасауға ықпалын тигізеді.
 
12 pvldr memo 2   12 pvldr memo 3
 
Павлодар облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
ТЖ алдын алу бөлімі