11 akm post 1 2018 жылдың 13 маусымы күні Бурабай ауданы аумағында жасақ басшысы Шамиғанов Д.Б. жетекшілік етумен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Бурабай ауданының ТЖБ бастығымен бірлесіп, «Алмаз» шипажайының, «Золотой бор» мен «TechnoIoqicaISuperMarket» туристік фирмалардың жағажайларында Бурабай ауданының экология полициясы және аталмыш демалыс орындары басшыларының қатысуымен салтанатты түрде қоғамдық құтқау бекеттерін ашты.
Шамиғанов Д.Б. өз сөзінде, бүгінгі күні облыстың төтенше жағдайлар департаментінде облыс аумағындағы су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 4 бірдей кәсіби құтқару құрылымдарының бар екендігін қатысушылар жеткізді. Құтқару құрылымдары Бурабай, Зеренді, Қопа, Щучье көлдерінде орналасып, облыс аумағындағы су айдындарының 0,5% құрайды. Осыған орай, жасақ құтқарушылары облыстың ТЖББ қызметкерлерімен бірлесіп, бақылаусыз жатқан су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағажайлар мен су айдындары бекітілген ұйым басшыларымен қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша түсіндіру мен даярлау жұмыстарын шомылу маусымына дейін өткізді. Сол жұмыстың жемісі ретінде бүгінгі күні демалыс нысандары мен аймақтары басшыларының өтінімдері бойынша жасақ құтқарушыларымен 50 қоғамдық құтқару бекеттері үшін арнайы курстарда 154 құтқарушы, оның ішінде бүгін ашылып отырған 3 бекет үшін де даярланды. 11 akm post 2
Қоғамдық құтқарушылар өздеріне бекітілген жағажайлармен қоса адамдардың жаппай демалатын орындарында жадынама мен буклет, бірлескен рейдтер өткізу, балаларды жүзуге үйрету мен алдын-алу насихаттау жұмыстарына да белсене қатысады. Осы жылдың өзінде олар 123 рейдке қатысып,867 дана әртүрлі үгіт материалдарын таратуға ат салысты.
Іс-шара соңында жасақ басшысы Шамиғанов Д.Б. қоғамдық құтқарушылармен бірлесе өткізген алдын алу шаралары 2018 жылғы шомылу маусымында облыс аумағының су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және зардап шеккендер санын әдеуір қысқартуға мүмкіндік жасайтындығына сенім білдірді.
Алдын алу мен облыс аумағындағы су айдындарында қайғылы жағдайларға жол бермеу жұмысына қоғамдық құтқарушыларды тарту мен олардың қатысуын жандандыру жұмысы суға шомылу маусымы бойы жүгізілетін болады.
11 akm post 3   11 akm post 4   11 akm post 5
  11 akm post 6   11 akm post 7   11 akm post 8
 
Ақмола облысы ТЖД ЖҚЖ ММ