25 Akmaty Obl 1 Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 46-2 бабы мен Алматы облысы әкімі - Азаматтық қорғаныс бастығы А.Баталов бекіткен «Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде даярлаудан және қайта даярлаудан өту үшін тыңдаушылармен толықтырудың 2018 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған жоспарын» жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың щілде айының 9 мен 11 аралығында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері» санаты бойынша алғашқы сабақтар жүргізілді. Сабақтардың жоғарғы деңгейде өткізілуіне департаменттің азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлері тарапынан ерекше көңіл бөлінді. Оқытулардың аяқталуымен тестілеу жүргізіліп қатысушылрдың білім деңгейлері тексерілді. Артынан Департамент бастығының орынбасары полковник Тұраров Сериккан Женисович тарапынан тиісті сертификаттар таратылды.
Сонымен қатар келешекте оқытулардың деңгейін арттыру үшін тыңдаушылардың сабақ процессіне қатысты пікірлері тыңдалды.
 
Алматы облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы