24 VKO Shtraff 1 Барлық тәртіп бұзушыларды ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы бойынша жауапқа тартты. Айыппұлдың жалпы саны 1 миллионнан астам болды.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей адамдар аз іше бастаған жоқ, ал суға батып кетушілер саны күн сайын артуда. Тек қана 1 маусымнан бастап ШҚО суайдындарында 18 адам суғ батып кетті. Барлық жағдайларда адамдар демалып жатқан және жабдықталмаған орындарда шомылған. Әдетте шомылуға арналмаған суайдындарының жағалауы қоғамдық орындарға жатпайды. Сәйкесінше, сол жерде демалып, спирттік ішімдік ішіп отырған адамды жауапқа тарта алмайды.
24 VKO Shtraff 2 Облысымызда 2000-нан астам суайдындары бар. Бұл ретте ресми дайындалғаны тек қана 3 қоғамдық жағажай, олар құтқару бекеттерімен және қоғамдық қауіпсіздік, сондай-ақ медициналық бекеттерімен жасақталған. Шомылуға арналған акваторияларда суда шектеу белгілері және жағалауында ескерту белгілері бар. Осы жерлердегі демалушылардың қауіпсіздігі мен жағдайын жасауға шомылу орындары бекітілген демалыс базаларының, балалардың жазғы лагерлері, қалалық (муниципалдық) жағажайлар иелері жауапкершілік артады.
Құтқарушыларда ӘКтК және ҚР ҚК баптары бойынша бұзушылықтарға қадағалау функциялары жоқ. Қолдан келетіні тек қана суайдындарында адамдардың мерт болуының алдын алу үшін – жаппай шомылу орындарын қарауылдап, азаматтарға қауіп туралы ескерту. Рұқсат берілмеген, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін шомылуға арналмаған орындарда шомылу: иірімдер, қатты ағыс, терең жерлерға құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы жерлерге шомылуға болмайтыны туралы 140-тан астам белгі мен 40 стенд орнатты.
Шомылу маусымының басынан бері ШҚО бойынша 300-ден астам рейд жасалды, нәтижесінде шамамен 10 000 адамға жадынама пен парақшалар таратылды, ұсыныстар берілді. Алайда, азаматтардың көпшілігі кеңестерді құлаққа ілмейді.
Қазіргі таңда ең көп суға батқаны Жарма ауданында – 6 адам, ішінде 4-уі бала, Семейде – 4. Сондай-ақ су Шемоаниха, Күршім, Зайсан, Зырян, Үржар, Ұлан аудандары мен Риддер қаласына адамдарды әкетті.
Құтқарушылардың кеңестеріне немқұрайлы қарамаңыздар!
 
ШҚО ТЖД