23 Mang Detstv 1 Міне көптен күткен демалыстар басталды.
Барлығы қуанышты - ата-аналар мен балалар. Бірақ балалар арасында өрт сөндіру қауіпсіздігінің алдын алу жөніндегі жұмыстар ешқашан тоқтатылмайды.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы және 23 Mang Detstv 2 Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мектеп жанындағы балалар жазғы лагерлері топтарының жетекшілері арасында «Қауіпсіз балалық шақ» атты тақырыпта викториналық сайыстар, ойын-сауық көрмелерімен спорттық эстафеталық жарыстар өткізілді.
23 Mang Detstv 3 Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалыс кезіндегі демалу-сауықтыру орындары және төтенше жағдайлардың алдын алу және оған жол бермеу, ал егерде төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда дұрыс қимыл әрекеттерін жасау және адам өмірі, материалдық шығынды азайтуға негізделген болатын.
Жарысқа 6 команда қатысты.
23 Mang Detstv 4 Барлық командалар жоғары деңгейде дайындалған, әр топта ұйымшылдық пен бірінші болуға ықыластары сезілді. Балалар бір-бірімен танысып, араласты, жаңа достарға ие болды.
Жарыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар, естелік сыйлықтар және медалдар табыс етілді, ал жеңімпаз командаға жеңіс кубогы табысталынды. Жеңіске деген жігері үшін, жүлделі орындарға ие болған командаларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Сонымен қатар жекелеген кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болған командалар алғыс хаттармен мадақталды. Жарыстағы барлық қатысушылар, аса маңызды және пайдалы іс-шараларға қатысуға қуана ниет білдірді.
 
Өрт қауіпсіздігі саласындағы
бақылау және профилактикалық
қызмет басқармасы
Төтенше жағдайлар Департаменті