2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы ішкі і 19 K4S oper Sovesh 1 стер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің төрағалығымен видеоселектор режимінде «ҚР ІІМ ТЖ комитетінің 2018 жылғы 3 тоқсандағы қызметтік жұмысының нәтижелері және бөлімшелердің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы туралы» жедел кеңес өтті.
Кеңес жұмысына ТЖК құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының және мекемелерінің басшылары қатысты.
19 K4S oper Sovesh 2 Күн тәртібінде үш мәселе қаралды: «Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы туралы», «2018 жылдың үшінші тоқсандағы ТЖК қызметтік жұмысының нәтижелері және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға бөлімшелердің дайындығы туралы», «ТЖК кезекші-диспетчерлік қызметтерінің жағдайы және олардың жұмысын ұйымдастырудағы кемшіліктері туралы».
Кеңесте өткен кезеңдегі қызметтің нәтижелері, орын алған кемшіліктер мен проблемалық мәселелер қаралды, аумақтық органдар мен бөлімшелердің бірқатар басшылары тыңдалды.
2018 жылдың басынан бастап құтқару бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 51,5 мың шығуды жүзеге асырды, 8,2 мыңнан астам адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 17,6 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 4 мыңға жуық зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
19 K4S oper Sovesh 3 Халықты төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы туралы ақпараттандыру үшін 1 306 рет СМС-хабарлама жіберілді.
«Қазавиақұтқару» АҚ 1 300 ұшу жасап, әуе кемелерінің ұшуы 2 893, 56 сағатты құрады.
ТЖК желісі бойынша – 625 ұшу, әуе кемелерінің ұшуы 1 112, 40 сағатты құрады. Санитарлық авиация желісі бойынша – 400 ұшу, әуе кемелерінің ұшуы 922,15 сағатты құрады.
Апаттар медицинасы орталығының күре жолдық медициналық-құтқару пункттері 1,1 мың шығу жасады, оның ішінде ЖКО-ға – 783, 2,4 мың зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, емдеу ұйымдарына – 921 адам жатқызылды, 1,2 мың адам эвакуацияланды.
«Қазселденқорғау» ММ гидрометеорологиялық жағдайды бағалау және сел қаупі бар кезеңде өзендердің мониторингін жүргізу үшін тәулік бойы 60 бақылау бекеттерімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 20 маусымдық және 8 қосымша бекет ашылды.
Ағымдағы жылғы сел қауіпті маусымның басынан «Қазселденқорғау» ММ және оның филиалдарымен 1 205 жер үсті және 15 аэровизуалды зерттеулер жүргізілді.
Бақылаушыларды, жабдықтарды, азық-түлік өнімдерін және ЖЖМ жоғары таулы бекеттер мен көлдерге жеткізу үшін қосымша 20 ұшу жүзеге асырылды. 16 серпінді қауіпті мұздық көлде алдын алу іс-шараларының кешені өткізілді. Барлығы 8,4 млн. текше метрден астам су төгілді. Жалпы қабылданған шаралар қауіпті сел шығарындылары мен сырғыма шығуларына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Кеңес қорытындысы бойынша ТЖК және оның бөлімшелерінің қызметін жақсарту, алдағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қою және тиімді алдын алу жұмыстарын жүргізу, жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыруға бағытталған міндеттерді орындау бойынша негізгі міндеттер белгіленді.
 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі