Өрт қауіпсіздік айлығы басталуымен, сонымен қатар 2018-2019жж. жылыту маусымы кезеңінде адам жарақаттануы мен өлімін азайту мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарының имиджін көтеруге және халық арасында үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізуге бағытталған «Дармен өрт сөндіргіш» эстафета-акциясын ұйымдастырды.
Аталған акция аясында Департамент «Өрт сөндірігіш Дармен» атты мультипликациялық өрт сөндіргіштің макетін жасады. Білім беру және жаппай адамдар көп облатын объектілерде төтенше жағдайларды және өрттерді алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Соңында «Астана жастары» КМБ еріктілерімен бірге флешмоб ұйымдастырды.
Астана қаласы ТЖ департаменті эстафетаны «Дармен өрт сөндіргішпен» бірге өрт қауіпсіздік қағидаларын халыққа жеткізуге бағытталған іс-шараларын өткізу үшін Алматы қаласы ТЖ департаментіне тапсырады.
 
Астана қаласы ТЖД