18 Astana Best driver 1 Ағымдағы жылдың 10 қазанда өрт сөндіру автокөліктері жүргізушілерінің кәсіби дағдығын жоғарлату мақсатында автокөлікті жылдамдықпен оңтайландыру бойынша Өрт сөндіру қызметі бөлімшелері арасында сайыс өткізілді.
Аталған конкурс Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесімен ұйымдастырылды, төрағалық құрамның мүшелері техникалық қызмет бойынша тәжірибелі қызметкерлер санынан байқау-конкурсты өткізу туралы бұйрыққа сәйкес іріктеліп алынды.
Осы конкурста астаналық гарнизонның барлық өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері қатысты.
18 Astana Best driver 2 Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – команда ішінде, қарауылдардағы үздік жүргізушіні анықтау мақсатында өткізілді. Екінші кезең – «Кросс» автодромда өрт сөндіру көлігін жүргізудің тәжірибелік жұмысынан тұрды. Өрт сөндіру көліктерінің жүргізушілері келесідей кедергілері бар жолдан өтулері шарт еді: ізден, шеберден өту, кендірден өту, эстафета, алға және артқа қарай «жыланша» жолымен жүру, бокске кіру, тұраққа тұру, ашық су көзінен суды тарту және жұмыс бағыты бойынша жеңнен суды беру кезінен мәреге жету. Ағымдағы жылғы сайыстың ерекшелігі екі жаңа эстафет түрін енгізу – бұл «мерген» және «тез тұтанатын және жанар сұйықтықты өртті өшіру» болды.
Сайыс ЗИЛ автокөліктері шассиіндегі өрт сөндіру автоцистерналарында өткізілді.
Осы сайысты өткізу, жүргізушілердің кәсіби дағдылығын бағалау өлшемі болып қызмет етті, сонымен бірге жүргізушілерде зерделілікті, жылдам кертарпалықты, қиын жағдайларда тез дұрыс шешім қабылдау икемділікті дамытты.
Байқау-конкурсты өткізу нәтижелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: жеке біріншілікте бірінші орынды алған және «2018 жылғы үздік жүргізуші» атағына ие болған 3-МӨСБ жүргізуші Е.Н. Сауран, жалпы уақыты 9 мин № 37 сек., екінші орынды алған 16-МӨСБ жүргізуші Ж.Б. Садыбеков, жалпы уақыты 9 мин. 56 сек., үшінші орынды алған 5-МӨСБ жүргізушісі Ә.Төлепбергенұлы, жалпы уақыты 10 мин. 50 сек.
 
Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ