17 PVLDr Zav rab 1 «Саламатты Қазақстан» кеңестік-диагностикалық пойызы Павлодар өңірінде ағымдағы жылдың 24 қыркүйегі мен 11 қазаны аралығында болды.
Бригада құрамында 17-25 жыл жұмыс өтілі бар бірінші және жоғары санатты дәрігерлер болды. Медициналық экспресс 8 вагоннан тұрды, онда 17 толық жабдықталған медициналық кабинет орналасқан.
17 PVLDr Zav rab 2 Атап айтқанда: рентгенологиялық, терапевт, кардиолог, невропатолог, гинеколог, педиатр қабылдау кабинеті, функционалдық диагностика кабинеті, стоматолог, офтальмолог, емшара кабинеті, кіші операциялық кабинет, эндоскопия кабинеті, хирургиялық кабинет.
Негізінен дәрігерлер көмегіне жүрек ырғағы бұзылған, жүрек және бас аурулары, пульттен кейінгі жағдай, артериялық қан қысымы жоғарылаған, ауыз қуысы аурулары, анемиясы бар пациенттер жүгінген. Барлық пациенттерге білікті медициналық көмек көрсетілді, күшейтілген режимде зертханалық зерттеулер жүргізілді және пациенттер тиісті кеңестер алды, алынған талдау нәтижелеріне сәйкес емдеу жүргізілді, бұдан басқа одан әрі тексеру мен емдеуді қажет ететін науқастар облыстың әр түрлі медициналық мекемелеріне жіберілді.
Дәрігерлердің қабылдауында ауылдық жерлерде тұратын құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің отбасылары да болды.
Пойыздың барлық кезеңінде 3186 адам тексеруден өтті, оның ішінде 324 бала.
 
Павлодар облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы