25 Akm Obl Poslanie 1 Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А. С. Советовтың төрағалығымен жедел кеңес өткізу аясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жыл сайынғы Жолдауын талқылау бойынша кеңес өткізілді. Оның жұмысына құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Департамент бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Советов Алексей Сергеевич Департаменттің жеке құрамының алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндірді және стратегиялық құжаттың мемлекетіміздің гүлденуіндегі маңыздылығын атап өтті.
25 Akm Obl Poslanie 2 Жолдауда экономика мен әлеуметтік саланың барлық салалары алдында алты негізгі міндет қойылған,бұл ел алдында кең мүмкіндіктер ашады. Бірінші кезекте Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне назар аударылды: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру.
Алексей Сергеевич Советов республиканың одан әрі стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының қатарында сыбайлас жемқорлықпен күресті қатамасыз ету бойынша міндеттерді шешу қажеттілігіне ерекше тоқталып кетті. Осы ретте ол: «Бұл аспект заманауи жағдайда барлық құқық қорғау органдарының қызметінде бас бағдар болып табылады», - деп нақтылады.
Сондай-ақ ТЖД бастығы «7 - 20 – 25» бағдарламасы тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын болады, деп айтты.
Алеккей Сергеевич сондай-ақ Үкімет Президент Әкімшілігімен бірлесіп «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы» қабылданатынын атап өтті. Реформалар 2019 жылғы 1 қаңтардан басталады.
Соңында Ақмола облысы ТЖД жеке құрамы Президенттің кезекті Жолдауына қолдау көрсетіп, негізгі бағыттарының практикалық жүзеге асыруын қатамасыз етуге сенім білдірді.
 
Ақмола облысы ТЖД
кадр жұмысы бөлімі