25 Kyzyl Orda Press Conf 1 2019 жылдың 10 қаңтарында Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А. Төлешевтің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы Р. Бақтыберлинаның, облыстық полиция департаментінің Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Н. Жамаладдиннің қатысуымен «Қызылорда қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді. Баспасөз-мәслихаты барысында аталмыш оқиға туралы БАҚ өкілдеріне кең көлемде түсініктеме берілді.
25 Kyzyl Orda Press Conf 2 Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.Төлешев: «2019 жылы 9 қаңтарда 19 сағат 29 минутта Қызылорда қаласы, Наурыз саяжайы, М.Махмутов көшесі н/з, жеке тұрғын үйдің (уақытша тұрғын үй) тұрмыстық жиһаздарының жануынан өрт таралып, көлемі 15 ш.м. кіреберіс бөлменің төбе жабуы жанды. Үйден сыйымдылығы 50 л 1 дана газ баллоны шығарылды.
Өрт салдарынан көмірқышқыл газымен уланған 3 бала - 2011 жылы туылған А.Т, 2012 жылы туылған А.Т, 2014 жылы туылған А.Т. қаза болды. Балаларды құтқаруға тырысқан Наурыз саяжайы, №7 көше, №7 участоктың тұрғындары 1971 жылы туылған А. Н. мен 1977 жылы туылған Ж. Г. 20 сағат 36 минутта Қызылорда облыстық медициналық орталыққа дәрігерлік көмекке жүгінген. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 19 қызметкер 7 бірлік техника қатыстырылды. Өрт 19 сағат 55 минут толық сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда».
 
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы