24 Karaganda ReiDy 1 Қарағанды облысының ТЖ департаментінің қызметкерлері тұрғын үй секторында профилактикалық рейдтер жүргізуде. Халықты көп қамту мақсатында аулаларды және пәтерлерді аралап шығу жұмыс күндерімен қатар демалыс күндері де жүргізіледі.
Рейдтің мақсаты өрттің, улы және табиғи газбен уланудың алдын алу болып табылады.
Рейд барысында тұрғындарға пешті және тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді. ТЖД мамандары баллонды сатып алу кезінде чек немесе газ шаруашылығының атауы, баллон нөмірі, газ баллон массасы және ол сатып алынатын автомобиль нөмірі көрсетілген талон талап етуге кеңес береді. Жеке үйлерден, лицензияланбаған машиналардан, кездейсоқ қоймалардан және т. б. баллондарды сатып алу ұсынылмайды.
24 Karaganda ReiDy 2 Өрт пен төтенше жағдайларды болдырмау үшін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
- 2 қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салынады;
- үй-жайларды өз бетімен газдандыруға, газ құралдарын, баллондарды және бекіту арматураларын ауыстыруға және жөндеуге болмайды;
- тиісті ұйымдардың келісімінсіз газ аспаптары орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға болмайды;
- жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмау қажет;
- газдың шығуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз (осы мақсатта сабын эмульсиясын пайдаланыңыз);
- мектепке дейінгі жастағы балаларды газ аспаптарын пайдалануға жол бермеу және оларды қараусыз қалдырмау қажет;
- желкөздері, желдету каналдарының торлары жабық, түтін жолдарында тартқыш болмаған кезде газ аспаптарын пайдалануға болмайды.
Газ шығып жатқан жағдайда не істеу керек:
- газ беруді жабуға тырысыңыз;
- үй-жайларды желдетуді қамтамасыз етіңіз;
- сіріңкелерді, оттықтарды жақпаңыз, ашық отпен немесе темекімен үй-жайға кірмеңіз;
- жарық пен электр құралдарын қоспаңыз;
- егер газ жанса, отты сөндірмеңіз - газ бен ауа жарылыс қаупі бар қоспа жасайды, газ жанып жатқанда жарылыс қаупі жоқ.
Оқиға туралы дереу 104 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
 
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі