21 KTi SeminaR Gabdullina 1 2019 жылдың 30 қантар күні Көкшетау техникалық институтында «Батыр – тағдыр, ғылыми – ғұмыр» атты ғылыми-танымдық семинар өтті. Аталмыш іс-шара 1943 жылы 30 қаңтарда ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, академик Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілген күнге орайластырылған.
Семинар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «Ұлы дaлaның жeті қыpы» aтты мaқaлacындағы идеяларды іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
21 KTi SeminaR Gabdullina 2 Семинар Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллиннің ескерткішіне гүл-шоқтарын қою рәсімімен салтанатты түрде ашылды.
Бұл семинарға Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығын зерттеумен айналысып жүрген Қазақстан Республикасының ғалымдары қатысты.
Семинар отырысы Көкшетау техникалық институтының бастығы, техникалық ғылымдарының докторы, азаматтық қорғау полковнигі С.Д.Шәріпхановтың алғы сөзімен басталды.
«Батыр – тағдыр, ғылыми – ғұмыр» атты ғылыми-танымдық семинарға құрметті қонақ ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің үздігі, М.Ғабдуллиннің шәкірті Серік Негимов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог, алғаш Берел қорғанын ашқан, Қазақстан Республикасы қарулы Күштер Әскери-тарихи музейінің ғылыми кеңесшісі Самашев Зейнолла Самашұлы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, журналист, жазушы -аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры филология ғылымдарының докторы, профессор Бердібай Шалабай, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, Отандық тарих және «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Қ.Қ.Абуев, М.Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек қатысты. Сонымен қатар семинарға институттың профессорлық-оқытушылар құрамы, курсанттар және Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің студенттері қатысты.
Семинар профессорлық-оқытушылар мен КОФ, СО ж/е БАФ курсанттары мен тыңдаушылары арасында «Батыр – тағдыр, ғылыми – ғұмыр» атты қабырға газеті сайысының қорытындысын жариялаумен және келген қонақтарды марапаттау рәсімімен аяқталды.
 
ҚР ІІМ ТЖК КТИ
Әлеуметтік-гуманитарлық тәртіптер,
тіл және психологиялық даярлау кафедрасы