11 Astana reiD 1 Жылыту маусымы бастылысымен, жеке тұрғын үйлерде өрттердің ұлғаюы және улы газбен улану жағдайлары арта түседі.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласы ЖПҚ қызметкерлерімен, Қызыл Жарты Ай еріктілерімен және БАҚ өкілдерімен бірлесіп елорданың жеке тұрғын үй секторларында аула аралау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Өткен демалыс күндері елордалық өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру және алдын алу бойынша қаламыздағы төрт ауданның (Сарыарқа, Алматы, Есіл және Байқоңыр) жеке тұрғын үй секторларында ауқымды рейд жүргізді.
11 Astana reiD 2 Аралау барысында үй иелеріне өрт кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар, сондай-ақ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары жеткізілді.
Жылыту пештерін, электр жабдықтарының газ аспаптарын күтіп-ұстауға және пайдалануға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар азаматтарды жас балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға шақырды. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау ауыр қайғылы жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін.
11 Astana reiD 3 Жыл сайын күзде күн суытысымен және жылыту маусымы алдында өрт қауіпсіздігі айлығы жүргізіледі, айлық шеңберінде Департамент қызметкерлері аулаларды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтеді.
Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:
- ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбаңыз, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмаңыз;
- жыл бойы кемінде үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы алдында пеш пен түтіндікті күйеден тазалаңыз;
- жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, жас балаларға жанып жатқан пешті қарауды тапсырмаңыз;
- отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдына жақын орналастыруға тыйым салынады;
- заттарды, киімдерді пешке жақын кептірмеңіз;
- балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз.
 
Астана қаласы ТЖД
баспасөз қызметі