10 SRAOSO ASR 1 2019 жылғы 9 ақпанда 20.00 сағатта 112 кезекшілік бөліміне: «Арқалық – Қайыңды» автожолыны 65 шақырымында Қараторғай өзені жағына қарай 1986 және 1988 жылдары туған екі балықшы бар жеңіл автокөлік екінші тәулік қар қоршауында қалып қойғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Екі балықшы барғылары келген жерге жете алмаған және олар боран астында қалып, келген жақтарына қайта кете алмай қалып қойған. Құтқарушылардың келуімен балықшылардың автокөліктерінде бірнеше сағатқа жететін бензин қалғандығы анықталды. Термометр бағанасы 25 градустан төмен түсіп кеткен.
10 SRAOSO ASR 2 Арқалық қаласындағы Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, өтімділігі жоғары башмақты ГТ-ТБ техникасын қолданумен оқиға орнына шықты. Оқиға орнына келісімен автокөлікті таза жерге сүйреп шығарып, Арқалық қаласына дейін жеткізіп салды. Қысқы балық аулауды ұнататындар қанағаттанарлық жағдайда, медициналық көмекке қажет емес.
Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы қысқы қолайсыз ауа-райы кездерінде үйде қалуды және дауыл жөніндегі ескертулерге жауаптылықпен қарауды ұсынады. Осы қарапайым ережелерді сақтап Сіз өзіңізді және жақындарыңызды жағымсыз салдарлардан сақтап қаласыз.
 
ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр
жедел-құтқару жасағы (Қостанай қаласы)