9 1 Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің, оның құрылымдық бөліністері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлері жұмыстың күшейтілген режиміне ауыстырылды. Қала бойынша демалыс күндері өрт қауіпсіздік сенбілігі жарияланып, оның барысында қалалықтарды өрт қауіпсіздік ережелеріне үйрету бойынша үйлерді аралау жұмыстары жүргізіледі.
9 1 Құрамына аудандық ТЖ бөлімдерінің, әкімшіліктердің, газ шаруашылығының, жедел-құтқару жасақтың, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның, «Медицина апаттар орталығы» филиалының қызметкерлері кірген, үгіт-насихат жұмысшы топтарының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары әрбір үйге кірді. «Отырар», «Айғақ», «NARTV» телеарналарының журналисттерімен бірге халықпен түсіндірме жұмыстары «Бозарық», «Қайнар бұлак», «Асар», «Коммунизм», «Пахтакор», «Север», Бекетті көшесінің халқымен, Қаратау және Сайрам аудандарының тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық жұмыстардың барысында 2000-нан аса адам қамтылып, оларға ескерту жадынамалар тапсырылды, әрбір тұрғын танысу түбіртектерінде қол қойды, плакаттар ілінді.
ТЖ мамандары алдарына қойған негізгі міндет – ол тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Сондай-ақ, үгіт-насихаттың барысында жеке сектордың тұрғындары тарапынан бұзушылықтар анықталды – бұл үйде өрт қауіпсіздік талаптарын бұзылуымен газ баллонды сақтау, пештің алдында балалардың киімдерін кептіру, темір қаңылтырдың орнатылмауы. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан түсіністікпен қарау көз қарастарын атап өту керек. Олар мамандардың өтініші бойынша есіктерін ашып, олармен кездесуге шығып, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтарды мұқият тыңдады.
Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Сақтық шара деңгейін жоғарлатып, сондай-ақ негізгі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.
 
Шымкент қ. ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы