Принтерге шығару
35 Shymkent TV 1 Жастар жылына байланысты Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жас қызметкерлерінің қатысуымен «Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты форумы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өткізілді.
Іс-шараға департаменттің жас мамандары, орта оқу орындарының оқушылары, 6506 әскери бөлімінің сарбаздары, департаменттің басшы құрамы, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы А.Алибеков, Шымкент қ. Полиция департаментінің қызметкері Н.Тасболат, Шымкент қаласының ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы В.Витков қатысты.
35 Shymkent TV 2 Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербисов форумды ашуға алғашқы сөз алып, департаменттің жас қызметкерлері арасында «Жастар жылы – белсенділер жылы» атты акцияны ресми түрде жариялайды.
Форумның мақсаты – жастарды еліне деген патриоттық сезімдерін арттыру, тәрбиелеу жәнеде мамандық таңдаудың алдында тұрған жастарды азаматтық қорғау органдарының қатарына тарту, ал жас қызметкерлерді азаматтық қорғау кіші жүйесінің дамуына өз үлестерін қосу, жедел-қызметтік жұмыстары барысында өз міндеттерін абыроймен атқарып, біліктілігін арттыру, негізгі қызметтерінде жаңашыл әдістерді қолдану болып табылады.
35 Shymkent TV 3 Форумда ТЖ департаментінің ерекше көзге түскен жас мамандар Шымкент қ. ТЖ департаментінің Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Еркебұлан Тасқараев, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Абзал Бақытжанұлы Жакибаев, №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Роман Александрович Письменский, Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Нұрдаулет Ерғали, Шымкент қаласы «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кинологиялық есептің қызметкері Рахымжан Сатылханов өздерінің жетістіктерімен бөлісті.
Сонымен қатар 2018 жылы 3 шілдеде Шымкент қаласы Қазығұрт мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған өрт оқиғасында көрсеткен ерлігі үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Нұрлан Тохполатұлы Тасболат «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ өз жасына қарамастан, Еліміздің болашағы жас ұрпақты сақтауда патриоттық рухының биік екенін көрсете біліп мезгілсіз орын алған өрт кезінде, батыл және дұрыс әрекет жасап жас бүрдіршіндерді өрттен аман қалуына септігін тигізген Шымкент қаласы №49 жалпы орта мектебінің 1 сынып оқушысы Аманғали Арайлым Алтынбекқызына алғыс білдірілді.
Іс-шара соңында мамандық таңдауына байланысты оқу орындарының оқушыларына Көкшетау техникалық институты туралы бейнеролик көрсетіліп, оған түсу ережелері таныстырылады.
 
Шымкент қаласы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы