Принтерге шығару
31 KTi ReiDy 1 Көкшетау техникалық институты ағымдағы жылдың 11-15 ақпан аралығында тұрғын үй секторында өрт-алдын алу жұмыстарын жүргізуді үйлестіру бойынша жедел штаб жұмысына белсенді қатысты.
Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үшін тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді меңгерген азаматтар санын кеңейту мақсатында өрт алдын алу кафедрасының тұрақты құрамы және күндізгі оқу факультетінің екінші және үшінші курс курсанттарының қатарынан 100 адамнан тұратын ауыспалы құрам тартылды.
31 KTi ReiDy 2 Іс-шараларды өткізу алдында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары бар парақшалар дайындалды, жеке құраммен нұсқаулық өткізілді, Көкшетау қаласының аса өзекті аумақтары анықталды. Өткізілген іс-шаралар Институттың ресми сайтының бетінде жарық көрді.
31 KTi ReiDy 4 Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің негізінде тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 1175 тұрғын ұй қамтылды, жалпы 2008 адам оның ішінде 153 зейнеткер, 31 мүгедек, 38 көп балалы отбасы.
Жылыту маусымы уақытында, жеке тұрғын үйлерде өрттердің ұлғаюы және улы газбен улану жағдайлары арта түседі.
Аралау барысында үй иелеріне өрт кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар, сондай-ақ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары жеткізілді.
31 KTi ReiDy 5 Жылыту пештерін, электр жабдықтарының газ аспаптарын күтіп-ұстауға және пайдалануға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар азаматтарды жас балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға шақырды. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау ауыр қайғылы жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін.
Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:
- ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбаңыз, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмау қажет;
- жыл бойы кемінде үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы алдында пеш пен түтіндікті күйеден тазалау керек;
- жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, жас балаларға жанып жатқан пешті қарауды тапсырмау қажет;
- отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдына жақын орналастыруға тыйым салынады;
- заттарды, киімдерді пешке жақын кептірмеу керек;
- балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмау қажет.
31 KTi ReiDy 3 31 KTi ReiDy 6 31 KTi ReiDy 7 31 KTi ReiDy 8
 
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК
Көкшетау техникалық институты
өрттің алдын алу кафедрасы