30 Qostanai Dat4iki 1 Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т.Б. Кәкімов бұл туралы «Хабар 24» республикалық телеарнасына мәлімдеді.
- Бірінші кезеңде қатты отынмен жылытылатын үйлерде 200 датчиктер орнату жоспарлануда. Бұл күндері датчиктердің 60-ы облыс орталығында орнатылып, 40-ы Әулиекөл ауданы аумағында Әулиекөл, Аманқарағай және Құсмұрын кенттерінде тұратын көп балалы отбасыларының үйлеріне жабдықтайды, - деп атап өтті облыстық ТЖ басшысы. - Статистика көрсеткендей, дәл осы елді мекендерде қыс мезгілінде төтенше жағдайлар жиі орын алады.
Кезекті рейд барысында ТЖД қызметкерлері Қостанайдың Абай даңғылы жеке меншік секторында тұратын көп балалы отбасына барды. Іргетассыз тұрғын үй құрылысына қарағанда, тұрғын үйге ұқсас, тек сыртынан кірпіш салынған. 2 кішкентай бөлмелерде 5 адам тұрады, оның ішінде 4 бала, кішісі енді 7 жасқа толған.
Және дәл осы көп балалы отбасы улы газ датчиктерін орнататын адамдардың тізімінде болғаны әбден қисынды. Үй иесінің айтуынша, үйде өрт болған жоқ. Алайда, пешті пайдалану кезінде тіпті қарапайым көзге де бұзушылықтар байқалды: тұтатылатын пеш алдындағы қаңылтырдан жасалған парақшаның болмауы, пештің есігі жеткіліксіз тығыз жабылмауы, пешке жақын жерде заттар мен т.б. кептіріледі. Тексеру көрсеткендей, бұл үйде тұрғындар ескі пештің жағдайын қадағаламайды.
Үй иесіне келу мақсатын түсіндіргеннен кейін нұсқаулық жүргізді, құтқарушылар датчикті құрастыруға кірісті. Бұл жұмыс олардың бірнеше минутын алды.
- Улы газдың белгісі 3 батарейкамен сымсыз жұмыс істейді. Құрал Сізді және Сіздің жақындарыңызды улы газбен уланудан қауіпсіздендіреді, - деп түсіндірді Қостанай қ. ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Е. Нұржанұлы. - СО концентрациясы жоғарылаған кезде ол 1 метр қашықтықта 3-0,5 Гц жиілігімен қатты дыбыс береді. Датчиктің әрекет ету радиусы - 50 шаршы метр. Сізге аспаптың жұмыс істеу қабілетін тексеруді аптасына бір рет жүргізу қажет.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері облыста 128 өрт болды, онда 12 адам қаза болды, оның ішінде 4 азамат – улы газдың құрбаны болды.
Өрт сөндірушілер бұл жабдықты орнату тұрғындарға газдың шығуына дер кезінде әрекет етуге және апаттың алдын алуға мүмкіндік береді деп үміттенеді. Бұл қысқы кезеңде улы газбен улану әлдеқайда аз болады дегенді білдіреді.
 
Қостанай облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы